"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

3 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

20.07.2023
3 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Жыл басынан бері Абай облысының прокуратурасы 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының прокуроры Ерлан Абаев мәлімдеді.

Айтолқын САМАТОВА,
«Semeı tańy»
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының прокуроры Ерлан Абаев прокуратура, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаумен қатар, құқық бұзушыларды тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартатынын айтты.
– Мемлекет басшысының прокуратураның алдына қойған міндеттерінің бірі – кәсіпкерлікті қорғау. 2023 жылы прокуратура органдары 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, 283 заңсыз салық бұйрығының күшін жойды. Кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында мобильді топтар құрылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз жұмыс жасау шараларын қолға алып жатырмыз. 230 кәсіпкерге мемлекеттік органдар жүктеген 190 млн теңге төленді. 70 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, прокуратура бақылаушы органдардың 7 заңсыз тексеруінің күшін жойды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қатысты 3 қылмыстық іс тоқтатылды, — деді Ерлан Абаев.
Прокуратура органдары жиі кездесетін заң бұзушылықтармен жүйелі түрде күресуде.
— Бұзушылықтар көбіне жобалық-сметалық құжаттамасыз мемлекеттік сатып алу процесін жүргізумен, бәсекелестікті болдырмайтын шектен тыс талаптар қоюмен байланысты.
Мысалы, Жарма ауданындағы жол жөндеу жұмыстары бойынша конкурс жойылды. «ҚазАвтоЖол» жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған жол учаскесіне 294 миллион теңге жұмсалуы керек еді. Әкімшілік жауапкершілікке 10 адам тартылды. Аула аумақтарын абаттандыруға 50 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқыру фактілері анықталды,- деп қосты Абаев.
Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды жалғастыруда.
– Жыл басында біздің тікелей қатысуымыздан кейін Психикалық денсаулық орталығы 950 қызметкерге 128 млн теңге төледі. Сонымен қатар прокуратура коммуналдық қызметтердің бағасын қадағалайды. Мәселен, Жарма ауданында қазір 924 тұтынушы жылу үшін бұрынғыдан 55 пайызға аз төлем төлейді, тарифтің көтерілуі заңсыз болған, – деді Абай облысының прокуроры.
Жалпы, облыста криминогендік жағдай тұрақты, соған қарамастан, жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың аздап өскені байқалады.
– Облыста аса ауыр қылмыстар саны 14 пайызға азайған. Бұл ретте тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 25 пайызға өсті. Бұған интернеттегі алаяқтық фактілерінің көбеюі себеп болды, – деді Ерлан Абаев.
Сондай-ақ Ерлан Абаев БАҚ өкілдерінің кейбір саяжай кооперативтерінің төрағаларына қатысты қылмыстық істер туралы сауалына жауап берді.
– Бау-бақша серіктестіктеріне тексеру жүргізіліп, монополияға қарсы департаменттің қызметкерлері тартылды. Электр энергиясын беру, қосу және ажырату қызметі лицензия бойынша жүзеге асырылуы тиіс екені анықталды. Серіктестіктердің бұл лицензиялары болмағандықтан, заңсыз әрекеті үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ. Сонымен қатар серіктестік басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, монополияға қарсы комитеттің лицензиясыз электр қуатын қосу және өшіру әрекеті заңсыз екендігі туралы ұйғарымы шығарылғаннан кейін ол абоненттерді өз бетімен өшіруді жалғастырған. Қазір қылмыстық іс қозғалды, оны ішкі істер органдары тергеп жатыр, — деп қорытындылады Ерлан Абаев.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

5 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

5 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

5 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

22 часа бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

22 часа бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС