"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

17.08.2023
АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалында Абай облысы мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық Фракциясының төрағасы Шағангүл Жанаеваның қатысуымен брифинг өтті.

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Абай облыстық «AMANAT» партиясы депутаттық Фракциясының атқарған жұмыстары, сайлауалды бағдарламаның орындалуы жайында сөз етілді. Абай облысында «AMANAT» партиясының 10 филиалы (1 өңірлік, 9 аумақтық), 137 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді, олардың құрамында 23708 партия мүшесі бар.

Бүгінгі таңда өңірлік Жол картасына партияның алдын ала міндеттемелерін іске асыруға бағытталған 157 іс-шара енгізілген. Шағангүл Алдамжарқызы Фракцияның әрбір мүшесі Жол картаның орындалуын жіті бақылауына алғанын атап өтті.

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

«Партия мүшелерінің басты мақсаты – «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарламаға түйткілді мәселелерді шешетін, халықтың жағдайын жақсартатын жүйелі іс-шаралар жоспары кірді. Абай облысы бойынша Сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдауға сәйкес 6 айда 157 іс-шараның ішінде – 4 (3%) орындалды, орындалу сатысында — 92 (58,5%), орындалу мерзімі әлі келмеген – 61 (39%) көрсетті. Атап айтқанда, Семей қаласының Қайнар ауылында 200 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Семей қаласында 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығы енгізілді, Семей қаласында фотовидеофиксация және бейнеаналитика жүйесі құрылып, 1551 бейнекамера орнатылды. Көкпекті ауданындағы «Көкжайық ауылындағы су желілерінің құрылысы» нысаны енгізілді», — деді облыстық мәслихат депутаты.

Бүгінде іске асып жатқан бірқатар партиялық жобалар бар. «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра», «Еңбек адамы», «Халыққа көмек» және т. б. партиялық жобалары іске асырылуда. Мысалы, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары бойынша ЖОО түлектері жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігіне партиялық мониторинг жүргізіледі.

«Қазіргі уақытта партия депутаттары партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен бірлесе отырып, «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясына белсене түрде қатысудамыз. Игі дәстүрге айналған акция «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында осымен 13-ші мәрте өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Акция аясында ұрпақ болашағына бей-жай қарай алмайтын азаматтар оқушыларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынуда», — деді Шағангүл Алдамжарқызы.

Брифинг соңында облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС