"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ

24.08.2023
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтық қоғам құру негізгі басымдықтың бірі екенін үнемі айтып келеді. Президент өз Жолдауында, сайлауалды бағдарламаларында бұл мәселенің маңыздылығын айрықша атап өткен еді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Alikhan Bokeikhan университетінде Абай облысының «Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты І өңірлік азаматтық форум өтті.
Форумға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақ» әлеуметтік-мәдени орталығының жетекшісі Шағангүл Жанаева, «Lider.kz» волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі Евгения Павел, «Абай облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Эльзира Жүнісова, «ШҚО Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Аяужан Ашимова және өзге де үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Өңірлік деңгейдегі мұндай азаматтық форумдар бұған дейін Алматы, Шымкент, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстарында өтті. Абай облысы құрылғалы өңірлік форум тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Форумды Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков құттықтау сөзбен ашты.
— Құрметті форумға қатысуышлар, «Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты өңірлік форумға қош келдіңіздер! Өздеріңізбен қоғамдық өрлеу мен демократиялық дамуды көздейтін бүгінгідей келелі жиында кездескеніме қуаныштымын. Абай елінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған форумда тың идеялар айтылатынына сенімдімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір сөзінде: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек»,- деген еді. Облысымызда республика деңгейінде үздік деп танылған үкіметтік емес ұйымдар жетерлік. Біз олардың еңбектерін әрқашан жоғары бағалаймыз. Форум нәтижесінде билік пен азаматтық сектор арасындағы байланысты нығая түседі деп сенемін,- деді Шалқар Заманбекұлы.
Бүгінгі күні елімізде 6 саяси партия, түрлі бағытта 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым, төрт жарым мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары ресми тіркелген. Елдегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына барлық қаржы көздерінен 24,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Абай облысында үкіметтік емес ұйымдар 39 әлеуметтік жоба бойынша жұмыс істеуде.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет еліміз үшін Абай облысының орны ерекше екенін атап өтті.
— Бүгін сіздермен халқымызға Абай, Мұхтар, Шәкәрім сынды алыптарды сыйлаған Абай облысында жүздесіп отырмыз. Өркениетті ел құрудың алтын қазығы азаматтық қоғам қалыптастыруда екенін адамзаттың жүріп өткен жолы анық көрсетіп берді. Азаматтық қоғамның дамуы – мемлекет өркендеуінің негізгі шарттарының бірі. Бүгінгі форум барысында азаматтық қоғамның өткір мәселелерінің шешімін бірлесеотырып табатынымызға сенімдімін,- деген комитет басшысы Мадияр Қожахмет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы әзірленгенін және қазір Сенаттың қарауында екенін жеткізді. Заң мемлекет істерін басқару процестеріне азаматтар мен ҮЕҰ-ның кеңінен қатысуына мүмкіндік бермек.
— Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау тетігін әзірлеуді тапсырған еді. Осыған орай, «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы әзірленді. Жыл соңына дейін қабылданып, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Сонымен қатар ҚР Мәжілісі отырысында «Үкіметтік емес ұйымдар» туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін білесіздер. Оған сәйкес, үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу үшін оның құрамы 10-нан 3 адамға дейін азайтылды. Диалогтік алаңдар барысында аталған заң жобалары туралы сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдайтын боламыз. Қазан айында, Республика күні қарсаңында жоспарланып отырған 11-ші Азаматтық форум барысында саладағы өзгерістер мен жаңашылдықтар және алдағы жұмыс жоспары туралы кеңінен айтылатын болады,- деді М.Қожахмет.
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева Азаматтық қоғамды дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы сөз қозғаса, «Lider.kz» волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі Евгения Павел ұйымның қызметі жайлы баяндады.
Түстен кейін «Абай облысындағы үкіметтік емес секторды дамытудың өзекті мәселелері» және «Мемлекет — әлеуметтік кәсіпкерлер — БАҚ өзара тиімді іс-қимыл» атты екі диалогтік алаң жұмысын бастап, «СОЦKZ» қоғамдық қорының өкілі Адел Қадырғалиев «Азаматтық сектордың нашақорлыққа қарсы іс-қимылы», Жарма ауданындағы «Келешек-будущее» қоғамдық бірлестігінің өкілі Әсел Тукеева «Ауылдық жерлерде ҮЕҰ дамыту: Абай облысы Жарма ауданының тәжірибесі», «Ерекше балалардың ата-аналары» ҚБ өкілі Юлия Ламбина «Ерекше балалардың ата-аналарымен қалай жұмыс істеу керек?», «Abai IT-Valley» президенті Роман Ковалев «Мемлекет пен қоғамның тиімді өзара іс-қимылына арналған инновациялық жобалар», Астана қаласындағы «QZ Tamyry» ҚҚ мүшесі Талғат Елеусізов «Елтаңба анимациялық мультфильмі», «Абай облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айдос Төлеуханов «Жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы: Абай облысының тәжірибесі» тақырыбында және өзге де спикерлер сөз сөйлеп, пікір алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

13 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

13 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

16 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

16 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

16 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

17 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

17 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

17 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

17 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС