"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Өздерің сатып алыңдар»: Шымкентте оқулық жетіспей жатыр

Шымкентте мектептерде оқулық жетіспеушілігі байқалып жатыр.

01.09.2023
«Өздерің сатып алыңдар»: Шымкентте оқулық жетіспей жатыр

Қаладағы мектептердің бірінің әкімшілігі «ата-аналар оқулықты өздері табу керек екенін» айтқан. Осы мәселеге байланысты Massaget.kz тілшісі мектеп өкілдерімен сөйлесіп, қаншалық кітап жетпейтінін сұрады.

Шымкентке биыл көшіп барған ата-ананың сөзінше, мұндай мәселе мектептерде бұрыннан бар. Биыл да сабақ басталар шақта сынып жетекшілері ата-аналарға «кітапты өздері табуы» қажет екенін айтқан.

«Шымкентте мектептерде оқулық жетіспеушілігі — үлкен проблема. Биыл көшіп келгенбіз. Мектеп балаларға оқулық бермейді, бір-бір кітаптан ғана береді екен. «Өздерің сатып алыңдар» дейді. Кеше бір жарнама көрдім, сұрасам, бір кітап 2000 теңгеден. Бір балаға 10-12 кітаптан керек. Екі-үш оқушысы барлар қыруар ақшаға кітап сатып алады екен. Жылда сондай болады. Шымкенттің ата-аналары біледі екен. Демалысқа шыққанда, бірден кітап сатып ала бастайды немесе жан-жақтан іздестіреді», — дейді ол.

Ата-ана баласын Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектепке бергенін жеткізді.

«Ақылы мектеп болғанымен, мемлекет қаржыландырады. Сөйтіп, тегін оқытады. Келген кезде «еңбек, музыка болмауы мүмкін, бірақ негізгі оқулықтарды береміз» деген. Енді бір апта бұрын «өздерің тауып алыңдар» деді», — дейді ата-ана.

Сондай-ақ, оның айтуынша, оқулық сататындар көп, алайда мектептерде оқулық тапшы.

«Мұғалімдердің бар айтатын сылтауы — оқушы көптігі. Сондықтан жетпейді дейді. Кітапханашылар басқа мектептермен байланысты болатынын білемін. Бір-бірімен жоқ кітаптарды алмасып, алдын-ала толықтырылады ғой», — дейді ол.

Тіпті ата-ананың сөзінше, бір баласының сынып жетекшісі оқулық сататындардың байланыс нөмірлерін берген. Ал тағы бір баласының сынып жетекішісі екі кітап бере алатынын, қалғанын ата-ана өздері қарастыра беруі керек екенін айтқан.

Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі мұндай мәселе бар екенін, бірақ мектеп 80-90 пайыз кітаппен жабдықталғанын айтады.

«Ондай жоқ (кітап жетіспеушілігі — еск.). Қай ата-ана жазып жіберіңіз, сол ата-анаға ұйымдастырып береміз. Кітап берілу керек. Кішкене бар, көп емес (кітап жетіспеушілігі — еск.). 80-90 пайыз жабдықталған. Жекеменшік мектеп болғандықтан, мемлекеттікі сияқты кітап берілмейді. Жоқ оқушыларға ұйымдастырамыз, алып беріп жатырмыз. Ақша түскен кезде бір бөлігіне кітап сатып алып отырамыз», — дейді мектеп өкілі.

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

5 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

6 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

6 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

22 часа бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

23 часа бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС