"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс

05.09.2023
AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы партия активімен кеңес өткізді.

Жиынды ашқан партия Төрағасы Жолдау Мемлекет басшысының елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформаларының жалғасы екенін және оны тарихи деп атауға болатынын атап өтті.

«Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. Өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жолдауда жұртшылықты алаңдатып, толғантып отырған басқа да өзекті мәселелер толыққанды қамтылды. Сондықтан партиямыз үшін Жолдау стратегиялық маңызды құжат болып табылады. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр. «AMANAT» партиясы осы мақсатты жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс деп санаймын», — деді партия Төрағасы.

AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс

Ерлан Қошанов партиялықтарды Жолдауды жүзеге асыру үшін  бүкіл қоғамның күш-жігерін жұмылдыруға шақырды. Ол Жолдауда Мемлекет басшысы су мен газ тапшылығы, инфрақұрылымның тозуы, отандық кәсіпорындарға қолдаудың жеткіліксіздігі, өндірісті дамыту үшін ұзақ мерзімді қаржылай қолдаудың болмауы, агроөнеркәсіп секторының проблемалары сияқты еліміздегі бірқатар өзекті мәселені қамтығанын баса айтты.

 «Осы мәселелердің барлығы да жұртшылық тарапынан бірнеше рет көтерілді. Біз партияның барлық деңгейдегі депутаттары арқылы да, партиялық жобаларымыз арқылы да белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Айталық, өткен жылы «Жер аманаты» жобасы аясында 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, шаруаларға қайта бөлінді. «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылып, оның аясында өз ісін ашу үшін 2,5% жеңілдікпен несие беріліп жатыр. Президент аталған жобаның қажет екенін атап өтіп, жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясын ынталандыруды тапсырды», — деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, партия Төрағасы Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын қолдағанын ерекше атап өтті. Енді «AMANAT» осы жобаны Үкіметпен бірге бүкіл ел аумағында кеңейтіп, сапалы іске асырумен айналысады.

Ерлан Қошанов партияға қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, сондай-ақ жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған жаңа реттеуші құралдарды құру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға атсалысуды тапсырды.

«Өнеркәсіптік саясат, сауда, кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Бүгінгі таңда салық және бюджет заңнамасы партия алаңдарында қызу талқыланып жатыр. Ғылым мен инновация, цифрландыру және ақпараттық технологияларды дамыту саласында қосымша реттеуші құралдарды әзірлеу қажет. Президенттің бастамаларын заңнамалық қолдау – біздің фракцияның Мәжілістегі міндеті», — деді партия Төрағасы.

Іс-шара барысында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаттары Екатерина Смышляева мен Мақсат Толықбаев, «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова мен Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров сөз сөйледі.

Жиын соңында Ерлан Қошанов партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, Жолдаудың негізгі бағыттары орталық және облыстық деңгейлердегі «TALQYLAU» және «Bir Tolqynda» диалог алаңдары аясында талқыланады. Партия Кеңестері өз ұсыныстарын дайындауы қажет. Сондай-ақ, ол Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуына барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциясы мүшелерінің бір кісідей жұмылып, қатысуын тапсырды.

 

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Фото Әли Ғалым

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

16 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

17 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

18 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

18 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

18 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС