"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер бар?

06.09.2023
Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер бар?
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл облыста он мыңнан астам бүлдіршін бірінші мектеп табалдырығын аттады. Бір қуантарлығы, оқушылардың жетпіс пайызы қазақ сыныптарын таңдаған.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Облыста жаңа оқу жылында 102 349 оқушы контингенті бар 302 мектеп жұмыс істейді. Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Раушан Фатхуллинаның айтуынша, аймақта үш ауысымды мектеп жоқ, бірақ Ақсуат, Жарма аудандарында және Семейде апатты жағдайдағы 3 мектеп анықталған. Мектеп оқушылары басқа мекемелерде оқитын болады.
Биылғы оқу жылының ерекшелігіне тоқталатын болсақ, оқу жылы бұрынғыдай 25 мамырда аяқталмақ. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Білім беру мекемелері 5 күндік оқу жүйесінде жұмыс істейді. Осыған орай: педагогтерге жұмыс уақыттарын ұйымдастыруда «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №153 бұйрығы басшылыққа алынады. Сенбі күні барлық білім ұйымдары ашық тұруы тиіс. Педагогтер мен оқушылар үшін қосымша сабақтар және сабақтан тыс жұмыстар жүргізуге толық жағдай жасалады.
— Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», «Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады. Биыл 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері, 3-4 сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні енгізілді. Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады. Тағы бір жаңашылдық — негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі. Сонымен қатар, экологиялық білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылады,- деді Абай облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Макия Әмірханова.
Бөлім басшысының айтуынша, биылғы оқу жылында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс күшейтіліп, білім беру ұйымдарында тұтас тәрбие бағдарламасы енгізілмек. Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар ұйымдастырылып, шахмат секцияларының желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады.
— Ата-аналар қауымдастығымен өзара байланысты нығайту, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру көзделіп отыр. Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру, «Білім беруді өзгертудегі 1000 көшбасшы» республикалық кадрлық резервтің деректер қорын жасау жоспарлануда. «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру мақсатында «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін тарату жалғасын табады,- деді Макия Әмірханова.
Қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін барлық оқу орындарында бейнебақылау жүйелері мен дабыл түймелері орнатылған. Барлық оқушылар оқулықтармен толығымен қамтамасыз етілген.
Мектебі жоқ 132 елді мекеннен 2809 оқушы автобуспен тасымалданады.
1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары әлеуметтік статусына қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 1 279 668,0 мың теңге бөлінген.
Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасын орындау аясында биыл 408,2 млн. теңгеге 36 жаңа модификация кабинеті сатып алынған. 2023 жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 23158 оқушыны мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету үшін 941491,0 млн. теңге қарастырылып, әр балаға 40600 теңгеден ата-аналардың шотына аударылған.
Абай облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында бір ауысымда 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған — Семей қаласында 3600 орындық 5 мектеп, Аягөз ауданында 900 орындық 2 мектеп, Ақсуат ауданында 600 орындық 2 мектеп, Бесқарағай ауданында 300 орындық 1 мектеп, Жарма ауданында 300 орындық 1 мектеп. Құрылысқа тапсырыс беруші-«Samruk-Kazyna Construction»АҚ.
Биыл бес мектептің – Семей қаласы Қарағайлы тұрғын ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында 300 орындық, Аягөз қаласының ет комбинаты шағын ауданында 600 орындық орта мектептің құрылысын бастау жоспарланған.
— Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп, жер жұмыстары басталды, қоршаулар және бейнебақылау орнатылды, — деді Абай облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының Құрылыс бөлімінің басшысы Фариза Артықбаева.
2024 жылға 6 мектептің құрылысы — Семей қаласының Ақсай кентінде 600 орындық, Шығыс (оң жақ) кентінде 300 орындық, Қарағайлы тұрғын ауданында 900 орындық, Аягөз ауданы Ақтоғай кентінде 300 орындық, Ақсуат ауданының Екпін ауылында 300 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық орта мектептердің құрылысы басталады.
— «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептердің ерекшелігі – жаңа мектептерде бастауыш және орта сыныптар үшін бөлек блоктар болады. Олардың әрқайсысында робототехника кабинеттері, бірнеше зертхана, хореография залы, бастауыш сынып пен орта сынып оқушыларына, мұғалімдерге арналған үш коворкинг, инклюзивті білім беруді қолдау бөлмесі болады. Әр сынып интерактивті тақта және компьютерлермен жабдықталады,- деді Ф.Артықбаева.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС