"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

08.09.2023
ҚОРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Қазақстан халқына» қорының өкілдерімен кездесті. Кездесуде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, спорт және мәдениет салаларындағы өзекті жобалар талқыланды.
А.ӘБІЛ,
«Semeı tańy»

Аталған жобалар «Қазақстан халқына» қоры арқылы жүзеге асырылады. «Қор қысқа мерзім ішінде біздің облысымызда ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды. Сол үшін өзіңізге қордан көмек алған жандардың атынан алғысымды білдіремін. Бүгінгі таңда біз бірлесіп жүзеге асырғымыз келетін жобалардың тізімін дайындадық. Олардың әрқайсысы қоғам сұранысына ие, ішінде уақыт күттірмейтін, жедел шешілуі тиіс мәселелер де бар. Қор мамандары өз тарапынан барлық жобаларды мұқият зерделеп, Абай облысы үшін лайықты шешімдер қабылдайды деп сенеміз»- деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Қор денсаулық сақтау саласына 100 миллион теңгеден астам көмек көрсетті. Бұл медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға, онкологиялық құрылғыларды шетелден әкелуге мүмкіндік берді.
Білім саласында да көптеген оң өзгерістер орын алды. Аягөз қаласындағы көпсалалы гимназияда 250 миллион теңгеге материалдық-техникалық база жаңартылды. Семей қаласындағы №6 мектеп-интернатының STEM кабинеті мен зертханасы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Университет студенттеріне «Coursera» әлемдік білім беру платформасы қолжетімді болып, сабақ мазмұны қазақ тіліне аударылды. Ауыл оқушыларына арналған жазғы лагерьлер ұйымдастырылды.
Қоғамдық қор құрылған бір жарым жыл ішінде ірі компаниялар мен жеке қайырымдылық қорларынан 157 миллиард теңге түсті. Қаржының басым бөлігі науқас балаларды емдеуге жұмсалған.
— Әлеуметтік желілер арқылы еліміз бойынша 1 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері бізге қосылып жатыр. Біздің арнайы анкеталарымыз бар. Өңірлерде қандай проблемалардың бар екенін білу үшін жазбаша түрде де жинап жатырмыз, — дейді «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.
Қордың көмегімен Абай облысындағы бірқатар білім ордалары жаңа кейіпке енді. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. «Қазақстан халқына» қоры Абай облысының шалғай ауылдарындағы 20-ға жуық мектептің спорт залын жаңғыртуға көмектеседі.
— Биыл Жарма ауданындағы Маяковский орта мектебі және Ақсуат ауданындағы бір мектеп 500 миллион теңгеге материалдық техникалық жағынан толық қамтамасыз етіледі. Болашақта қалған 5 аудан мен бір моноқаладағы алты мектепті тура осылай тірек мектептері негізінде жаңғыртқымыз келеді. Қор өкілдерінің назарына осы жобаны ұсынып отырмыз,- дейді Абай облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.
Айта кетейік, қор Бородулиха ауданындағы өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасына жалпы сомасы 127 миллион теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетті.
Жиын барысында білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармалары өз жобаларын ұсынып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Қазақстан халқына» қорымен бірлескен жұмыс әрі қарай да жалғасады. Қазіргі таңда өңірдегі өзекті мәселелерді шешу және мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында жаңа жобалар мен бастамалар әзірленіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС