"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

21.09.2023
ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалында облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жиналысы өтті. Жиналысқа депутаттық фракция мүшелері, «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы С.Ысқақов, облыстық жауапты басқарма басшылары, филиал қызметкері қатысты.

Жиынды Абай облысы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының төрағасы Ш.Жанаева ашып, жүргізді. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Бірінші сұрақ — облыс аумағында Жол картасының орындалуы туралы. Депутаттық фракция жұмысының басым бағыты — партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру.
Өңірлік Жол картасындағы жоспарланған жұмыстар бойынша 9 айдың қорытындысы туралы Абай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызының есебі тыңдалды. Басқарма басшысы қазіргі таңда бағдарламада көрсетілген іс-шаралардың басым бөлігі орындалғандығын, бірқатары іске асырылуда екенін, Жол картасы аясында жоспарланған іс-шаралардың облыстық әкімдіктің қатаң қадағалауында тұрғанын атап өтті.
Екінші мәселе — Жол картасының нысаналы индикаторларының орындалуы туралы. Партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Абай облысы бойынша әр жылға нақты орындау көрсеткіштерін көрсете отырып Жол картасы, картаның әр бағыты бойынша депутаттар бекітілген. Депутаттық бақылаудың мақсаты — Жол картасы іс-шарасының уақытылы орындалуын, бюджеттің игерілуін, еңбек жағдайларының сақталуын бақылау. Жол картасы индикаторларының сапалы орындалуы, бақылануы, партиялық бекет жұмыстары туралы Абай облыстық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері С. Ахметов пен М.Қарашевтің есептері тыңдалды.
Қатысушы депутаттар облыстық жауапты басқарма басшыларына Жол картасының орындалу барысына, сапасына қатысты сұрақтар қойып, бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың » Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау. Фракция мүшелері А.Маслова, Э.Жунусова, Қ.Қасенов, Ш.Жанаевалар Жолдаудағы еліміздің дамуының негізгі бағыттарына, маңызды бастамаларға кеңінен тоқталып, Жолдау туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Жиынға қатысып отырған «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сейілбек Абұйырұлы фракция мүшелеріне партияның сайлауалды Бағдарламасының сапалы іске асуын бақылауда белсенді атсалысу қажеттігін, партиялық рейтинг, әлеуметтік желідегі белсенділікті арттырудың маңыздылығы туралы атап айтып, фракция жұмысын жандандыру жайлы ұсыныстарын жеткізді.
Қортындысында фракция қаралған мәселелерге қатысты тиісті хаттамалық шешім қабылдады.

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

15 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

15 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

18 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

18 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС