"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Емдеу мекемесін еркін таңдай аласыз

21.09.2023
Емдеу мекемесін еркін таңдай аласыз
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына еркін тіркелу науқаны өтіп жатыр. Тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақтағы мемлекеттік қана емес, жекеменшік емханаларға да тіркеле алады.

Асылхан САДАҚБАЕВ,
«Semeı tańy»

Бүгінгі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында Абай облысы бойынша 37 БМСК (Бастапқы медициналық-санитарлық көмек) ұйымдары, дәлірек айтқанда, 21 мемлекеттік, 16 жеке меншік медициналық ұйым тіркелген.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде “Алғашқы медициналық — санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу” тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Емханаға тіркелу жолдары өзгерген жоқ. Оның 2 түрлі тәсілі бар. Біріншісі – egov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркеу» қызметін таңдау керек. Ол үшін сайтта тіркеліп, ашылған бетті толтыру қажет. Осы ретте сізді қызықтыратын емхананың учаскелерінде бос орындардың бар-жоғын алдын ала нақтылап алған абзал.
Екіншісі – емханаға барып, өтініш жазу арқылы тіркелу. Айта кететін жайт, бұл тәсілді зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар, студенттер, әскери борышын өтеп жатқандар, шетелде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтіндер, жетімдер, сәбилер, қарттар үйіндегі жандар, ерікті және жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша тіркелгендер пайдалана алады.
Сондай-ақ Абай облысы “ӘМСҚ” КЕАҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбілов тіркеу науқаны емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес екенін айтты. Қоныс аударса, жұмыс немесе оқу орнын, жазасын өтеу орнын ауыстырса, әскери борышын өтеу кезінде, медициналық мекеме жабылса, не қайта ұйымдастырылса, тіркеуде тұрған емхана қызметіне көңілі толмаған жағдайларда жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша емхананы ауыстыруға болатынын атап өтті.
Азаматтарға жылына бір рет емхананы еркін таңдау құқығы берілгенімен, мамандардың маңызды кеңесіне құлақ асқан жөн болады.
“Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Барлық емхана аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді”,- деді Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова.
Осы орайда, таңдаған медициналық ұйымыңыз алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы тиіс. Мекемелердің тізімін Қордың fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен көруге болады.
“Емхана көмек көрсете алатын аумақтан айтарлықтай алыс жерде тұрсаңыз, ұсынған құжатыңыз дәйексіз болса, мекемеге тіркелушілер саны шектен асқан (учаскедегі жалпы тәжірибе дәрігеріне тіркелетін адам саны 1 700-ден аспауы керек) жағдайларда азаматтарды тіркемеуі мүмкін. Мұндай жағдайда құжаттарды жөндеуге және басқа емхана іздеуге тура келеді”,- деді Ғалымжан Нұржаубайұлы.
Емханасын ауыстырған қаралушы жаңа тіркелген жеріне 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарала алады. Бұрын тіркелген емхана азаматтарға жыл соңына дейін қызмет көрсетеді. Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адамадар бұрын өзі қаралған ұйымда тіркелген күйі қалады және олар бұрынғыша сол емханада қызмет алады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

30 минут бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

23 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

23 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

23 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

23 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС