"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

11.10.2023
АБАЙ ОБЛЫСЫ КӨШ БАСЫНДА

Үкімет отырысында Абай облысындағы жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды.
2023 жылы облыста тұрғын үй секторында 433 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстары олардың пайда болуының негізгі себептерін ескере отырып жүргізіледі. Орын алған өрттердің 40 пайызы отпен абайсызда жұмыс істеу кезінде, 30 пайызы электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың нәтижелерінен, 19 пайызы жылыту пешінің ақаулығына байланысты және 11пайызы басқа факторлардың әсірінен пайда болған.
Осыған байланысты тиісті іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіліп, 2614 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды, оның ішінде 1818-і автономды жылыту жүйелерімен байланысты.
Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын пешпен жылытылатын 7,5 мыңнан астам тұрғын үй анықталды. Аталған санаттағы азаматтардың үйлеріне көміртегі тотығын анықтауға арналған арнайы датчиктерді орнату кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін 3,5 мыңнан астам датчик орнатылған. Қосымша тағы 4 мыңнан астам қондырғы орналастыру қажет.
«2023-2026 жылдарға арналған көміртегі тотығын анықтау датчиктерін сатып алу жоспары бекітілді, бүгінгі күні осы жоспарды мерзімінен бұрын орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Семей қаласының бюджетін кезекті нақтылау кезінде көміртегі тотығы датчиктерін сатып алу үшін 25 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда», — деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Өрт қауіпсіздігі мәселелері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі арнайы комиссияның отырыстарында жүйелі негізде қаралады.
Сонымен қатар аталған тақырып бойынша халықты кеңінен ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді ақпараттық алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Абай облысы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

18.11.2026
Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

Абай облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар жобалар...

Толығырақ...Details

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

18.11.2026
«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

«Оңай табысқа» келісу неге әкеп соқтыруы мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің студенттері есірткі қылмысы үшін сотталғандардың...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

52 минуты бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

3 часа бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

4 часа бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

4 часа бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

4 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 часа бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

4 часа бұрын

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

4 часа бұрын

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

1 день бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС