"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

11.10.2023
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Абай облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы арасында меморандумға қол қойылды.
Абай облысы әкімдігінде Қытай СУАР Тарбағатай ауданы делегациясымен кездесу өтті. Кездесуде ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Бүгінде Абай облысы мен Қытай мемлекеті арасындағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып келеді. 2023 жылдың тоғыз айында тауар айналымының жалпы көлемі 250 млн АҚШ доллары болса, экспорт 169,6 млн АҚШ долларын, импорт 80,4 млн АҚШ долларын құрады.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз сөзінде Қытай елімен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Қытай Халық Республикасы — облысымыздың негізгі сыртқы сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Екі ел арасында ауыл шаруашылығында, жасыл энергетикада, туризм саласы мен электрондық саудада өзара іс-қимыл әлеуеті зор екені сөзсіз», — деді облыс әкімі.
Аймақта логистикалық орталықтың құрылысы басталды. Сиань қаласында екі ел арасындағы жүк айналымын арттыруға және стратегиялық серіктестікті нығайтуға көмектесетін құрғақ порт құрылысы жоспарланған.
«Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен «Бақты» өткелінде жаңа «құрғақ порт» салу жоспарланып отыр. Жобаның толық іске қосылуы екі елдің ынтымақтастығына және көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға тың серпін береді. Біздің басты аймақтық міндетіміз, Мемлекет басшыларының уағдаластықтарын толық іске асыру жөнінде кешенді шаралар қабылдау. Өз тарапымыздан аталған жобаларға барынша қолдау көрсететін боламыз»,- деді облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Айта кетсек, Абай облысы Қытай Халық Республикасынан Ресей Федерациясына және Орталық Азия елдеріне транзиттік жүк тасымалдау арқылы тұтастай экономиканың дамуына серпін беретін бірегей транзиттік әлеуетке ие.
Кездесу барысында ынтымақтастық және жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға да қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы, энергетика, туризмді дамыту, сауда-экономикалық қарым-қатынастар, трансшекаралық көлік шекараларын кеңейту, электронды коммерцияны дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту.

Абай облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

15 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС