"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ZHAS PROJECT: 1 МЛН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ

11.10.2023
ZHAS PROJECT: 1 МЛН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында Zhas project жастарды қолдау жобасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Өтінімдер 9-22 қазан аралығында қабылданады. Бір жобаға 1 миллион теңге қаржы беріледі. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды

Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Жастар және балалар ұйымдары ассоциациясының директоры – жобаның үйлестірушісі Эльзира Жүнісова және Абай облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов жастардың өз идеяларын жүзеге асыруына мол мүмкіндік беретін бұл жобаға қатысу шарттары жайлы жан-жақты айтып берді.
Бұл жоба Семей қаласында 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқандықтан, жергілікті жастардың көпшілігіне жақсы таныс. Гранттық бағдарлама жастарды қолдауға, олардың белсенділігін арттыруға және көшбасшылық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ жастарды қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге тартуға бағытталған.
Гранттық бағдарламаға 18 — 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Республика бойынша барлығы 28 грант бөлінеді, оның 8-і Абай облысына тиесілі.
Zhas Project жобасының ең тиімді тұсы — жеңімпаз бір миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, өз ісін бастай алады және әр қатысушыға алты ай бойы 40-60 мың теңгеден шәкіртақы беріледі.
— Ескеретін жайт, конкурсқа қатысудың басты шарты — ұсынылатын жобалар әлеуметтік бағытта болуы қажет. Мысалы, жер учаскелері мен белгілі бір жабдықты сатып алуға арналған жобалар бағдарламаға қатыса алмайды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен қолжазбалар жазуға да қолдау көрсетілмейді, — деді Эльзира Жүнісова.
Конкурста жұмыссыз жастарға, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және мүгедек адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне басымдық беріледі.
Жоба жеңімпаздары 1 қарашада жарияланады.
— Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең – қатысушылардан өтінімдерді қабылдау және іріктеу, екінші кезең – кәсіпкерлік дағдыларға оқыту, тәлімгерлік қолдау, жобаларды іске асыру, ілгерілету және дамыту бойынша кеңес беру, үшінші кезең – Zhas project кәсіпкерлік апталығы шеңберінде форум өткізіледі, — дейді А. Төлеуханов.
Жобаға басынан аяғына дейін менторлар жетекшілік етеді. Олардың міндеті – грант ұтып алған жастарға әртарапты қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру. Жеңімпаздар онлайн-тренингтен өтеді. Онда жұмысқа орналасу, әлеуметтік кәсіпкерлік, көшбасшылық сынды маңызды дағдыларды игереді.
Брифинг барысында жобаны іске асырудың негізгі тетіктері, гранттық конкурсқа және оқыту бағдарламасына қатысу шарттары түсіндірілді, сонымен қатар спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

10 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

10 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС