"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

362 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

11.10.2023
362 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Абай облысында 362 шақырым жол жөнделіп жатыр. Бұл туралы Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Ескендіров пен Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы Абай облысы бойынша филиалының директоры Фурхат Джуланов айтып берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Биыл облыстық маңызы бар жалпы ұзындығы 97 шақырым болатын 9 учаскені – Қарауыл — Қоңыр әулие, Семей – Долон — Қоянбай, Новобаженово — Шүлбі, Зубаир — Петропавловка, Барлық Арасан — Алакөл бағытындағы жолдарды жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 6 жоба аяқталды, 3 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпы ұзындығы 138,2 шақырымды құрайтын 25 учаскені — Жарқын, Шаған, Қыземшек, Верхне-Березовский, Медеу, Орда, Малтыкөл, Дөненбай, Айғыз, Қындықты , Тана-мырза, Өндіріс, Жыланды, Қарабас, Буркотово, Шұғылбай, Толағай ауылдарына кіреберіс жолдарды жөндеу көзделген. Бүгінгі таңда 17 жоба аяқталған, 6 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
— «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстың 26 тірек елді мекеніндегі 77 шақырым жолды жөндеуге бағытталған 33 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, Көкентау, Қарауыл, Көкбай, Саржал, Шынқожа, Қарағаш, Ескі бекініс, Бөкебай, Бесқарағай, Жезкент, Михайличенково, Дмитриевка, Жаңғызтөбе, Бірлік, Шалабай, Көкпекті, Үлкенбөкен, Преображенка, Ақсуат, Құмкөл, Таскескен, Мақаншы, Бақты, Шолпан, Ақшоқы ауылдарында көше жолдарын жөндеу бойынша 28 жоба аяқталды, 5 жоба аясында жұмыстар жүргізілуде,- деді Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Ескендіров.
Қаладағы аспалы көпірде қазіргі күні ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Жабындыны толық жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
— Жобалық-сметалық құжаттар әзір болғаннан кейін келесі жылы мердігер мекемені анықтау үшін конкурс жариялап, жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қаржы сұраймыз,- деді Н.Ескендіров.
Семейде нөсер жаңбырдан соң көшелерді су басып қалатыны жасырын емес. Соның салдарынан тұрғындар аяқ алып жүре алмай жатады. Биыл Шугаев, Баздырев көшелерінде дренажды канализация жасалыпты.
— Әрі қарай бұл бағыттағы жобаларды жалғастырамыз. Иә, қалада жаңбыр суының басып қалу мәселесі бар екенін жоққа шығармаймыз. Мұндай көшелердің тізімі бар,- деді Семей қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жәнібек Қадыров.
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының Абай облысы бойынша филиалының директоры Фурхат Джулановтың айтуынша, жыл басынан облыстағы 88 автомобиль жолының сапасы бақыланған. 897 жол-құрылыс материалдары тексерілген, оның ішінде 384 сынама нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген.
— Жол жөндеу жұмыстары барысында 45 кемшілік анықталып, ескерту берілді. Нәтижесінде 20 олқылық жойылды. Мердігер ұйымдар өз есебінен қайта құру жұмыстарын жүргізуде, — деді Ф.Джуланов.
Филал директорының айтуынша, кемшіліктер, негізінен, аудандарда анықталған.
— Жол жөндеу жұмыстары барысында Аягөз, Үржар аудандарында кемшіліктер жіберілген. Бірнеше рет тапсырыс берушіге хат жолдадық. Тапсырыс беруші әрі қарай мердігер ұйымға тиісті нұсқаулықтар беріп, жұмыстар жүргізіп, іс-шаралар жоспары бекітіліп, уақыты белгіленді. Абай облысындағы барлық сегіз аудан бойынша тапсырыс берушімен жұмыс істейміз, — деді Ф.Джуланов.
Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін сынамаларды, сондай-ақ анықталған олқылықтарды жою мақсатында 56, 81035 млн теңгеге 5132 шаршы метр жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліпті.
— 2023 жылы «Павлодар мұнай химиялық зауыты» ЖШС жолдардағы мұнай битумдарының сапасына бақылау жүргізді. 8 битум сынамасы алынып, зертханада зерттелді. Олардың барлығы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген,- деді Ф.Джуланов.
Баспасөз мәслихаты барысында республикалық, халықаралық маңызы бар Талдықорған — Қалбатау, Омбы — Майқапшағай тас жолдарындағы жөндеу жұмыстарының барысы да сөз болды.
Құрылысы 2017 жылдан бері созылып келе жатқан Омбы — Майқапшағай тас жолы әлі аяқталған жоқ. Қазір осы жолмен бес ауданның тұрғындары қатынайды. Зайсан, Көкпекті, Жарма, Ақсуат, Тарбағатай аудандарында тұратын халықтың тіршілігі осы жолға байланған.
— Бұл жолдардағы жұмыс қарқыны баяу жүріп жатқаны рас. Министрлік биыл Алматы — Өскемен бағытындағы жолдың үстіңгі қабатын толығымен жауып беретінін айтқан. Ал Қалбатау — Майқапшағай бағытындағы жол келесі жылы аяқталуы керек. Республикалық маңыздағы жол болғандықтан, министрліктің бізге берген ақпараты осындай,- деді Нұржан Ескендіров.
— Өткен қыркүйек айында біздің әріптестеріміз Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы және Көлік министрлігі өкілдерімен бірге тәжірибе алмасу мақсатында Германия, Польша, Дания мемлекеттеріне барып қайтты. Жыл сайын жол сапасына жаңа технологиялар енгізуге тырысамыз. Соған орай, нормативтік құжаттарға да өзгерістер енгізіліп отырады. Сонымен қатар Қытайдағы әріптестерімізбен де сапа алмасу туралы меморандумға қол қойдық. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының арнайы KazRoadLab сайты бар. Мұнда сұрыпталған жол құрылыс материалдары туралы барлық мәліметтер қамтылған,- деді Ф.Джуланов.
Баспасөз мәслихаты барысында спикерлер БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС