"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАРТИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ БОРОДУЛИХАДА

13.10.2023
ПАРТИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ БОРОДУЛИХАДА
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» партиясы Абай облысы филалынан арнайы жұмыс тобы қызметтік сапармен Бородулиха ауданына барып қайттық. Жұмыс тобының құрамында филиалдың атқарушы хатшысы Сейілбек Ысқақов, филиалдың партиялық бақылау бойынша инспекторы Майра Құржықаева, баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Жүрсінбекқызы болды.

Жұмыс сапары аясында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген Жол картасының Бородулиха ауданында іске асырылу барысы туралы жауапты бөлім басшыларының ақпараттарын тыңдап, талқыладық.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының Бородулиха аудандық депутаттық фракциясы мен партиялық бақылау комиссияларының мүшелерімен кездесу өткізіліп, атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Кездесу барысында партияның жұмысын жандандыруға және ауданны әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға партия филиалының атқарушы хатшысының алғыс хаттары табысталды.

ПАРТИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ БОРОДУЛИХАДА ПАРТИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ БОРОДУЛИХАДА

Аудан орталығында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Белағаш, Петропавловка ауылдарындағы мәдениет үйінің құрылысы мен су құбырын тарту жұмыстарының барысымен таныстық. Сондай-ақ Успенка орманшылығында болып, қызметкерлерімен жүздестік, сұрақтары мен өтініштерін тыңдадық. Биыл жазда өрт салдарынан қаза тапқан марқұмдардың туыстарымен, әріптестерімен кездестік.
Сонымен, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ НАЗАРЫНА!!!
Бородулиха ауданындағы Успенка шаруашылығында биылғы жылғы өртте қаза тапқан 15 орманшының әріптестерінің билікке өкпелері аз емес екен.

Рас, қаза тапқандар марапатталып, арттарында қалған жақындарына материалдық жәрдем көрсетілді. Ал оттың ортасынан өртенбей аман шыққандарға марапат та, материалдық қолдау да жоқ. Олардың бар айыптары тірі қалғандары ғана. Жасыратыны жоқ, «Көмек алу үшін міндетті түрде өлуіміз керек пе еді?» деген орманшылардың сөзін естіп қызарып, төмен қарадық…

Осы қайғылы оқиғадан кейін орманшылар мен өрт сөндірушілердің еңбекақысы 70-100 пайыз көлемінде көтеріліпті. Нақты айтқанда, бұрын 85 мың теңге алғандардың қазіргі еңбекақысы 130 мың теңге.

Іссапар барысында Жол картасы бойынша ашылған және құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысанды араладық. Жұмыс барысымен танысып шыққан соң жұмыс тобы тарапынан тиісті нұсқаулар да берілді.

Биылғы жылдың Бородулиха ауданы үшін ауыртпалығы көп болғанымен, атқарылып жатқан жұмыстардың аз еместігін байқадық. Ауданға басшылыққа Айдар Маратұлы Ибраев дәл сол сын сағатта тағайындалған болатын. Жарма ауданында әкімнің орынбасары, облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарып, мемлекеттік қызметте шыңдалған азаматтың Бородулиханың өркендеуіне үлес қоса алатынына күмәніміз жоқ.

Риза АСАНҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС