"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс жылу беруге дайын ба?

13.10.2023
Облыс жылу беруге дайын ба?
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 12 қазан күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Серік Туленбергеновтің қатысуымен жылу беру мәселесіне қатысты баспасөз
мәслихаты өтті.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Облыс аумағында ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу беру 1 қазанда, ал Семей қаласында 10 қазан күні беріле бастады.
Басқарма басшысы Серік Төлегенұлының айтуынша, аймақта жылу беру маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
— Жалпы, жылу беру маусымына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Автономды қазандықтар, сумен жабдықтау желілері, су бұру желілері, білім беру нысандары, денсаулық сақтау объектілері жылуға қосылуға 100 пайыз әзір. Жылу желілерінің дайындығы 99,5 пайызды құрайды,- деді басқарма басшысы.
Абай облысында нысандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтау Семей қаласындағы ЖЭО-1, РК-1, «Орталық» қазандығы және Бородулиха ауданындағы Жезкент кентіндегі қуаты 100 Гкал/сағ-тан асатын 4 ірі жылу көзімен және қуаты 100 Гкал/сағ-тан кем 40 жылу көзімен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, облыс бойынша бюджеттік ұйымдарды жылумен жабдықтауға арналған 273 дербес қазандық бар.
Облыс бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 462 шақырым, оның ішінде Семей қаласындағы желілердің ұзындығы 322 шақырым. Желілердің жалпы тозуы 68 пайызды құрайды. Сонымен бірге жылу тапшылығы да орын алып отыр. Тозығы жеткен құбырларды ауыстыру, жылу тапшылығын жою мәселелері облыс басшылығының назарында тұр.
— Семей қаласының оң жағалауындағы жылу энергиясының тапшылығы сағатына 125,8 Гкал құрап отыр. Осы тапшылықты жою мақсатында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жалпы көлемі 23,9 млрд теңге қаржыға жылу желілері мен көздерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын қалды, оның ішінде 220 млн теңгеге жылумен жабдықтау желілерін салу, 1,7 млрд теңгеге екі жылу көзін жаңарту, 19,6 млрд теңгеге жылу желілерін жаңғырту бойынша сегіз жоба қолға алынған. Облыстың жылу көздері мен жылу желілерін ағымдағы жөндеуге 2,4 млрд теңге қаржы бөлінді,- деді басқарма басшысы.
Биыл Курчатов қаласында қазандықты жөндеу, жылу желілері мен түтін құбырын ауыстыру, Аягөз ауданында орталық қазандықты ағымдағы жөндеу, жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай ауданында Қарауыл ауылын жылумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Баспасөз мәслихатында тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесі де қозғалды.
— Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету — еліміздегі ең маңызды мәселелердің бірі. Абай облысында орталықтандырылған сумен қамту 91,9 пайызды құрайды. Қалалардағы көрсеткіш 92,8 пайыз болса, ауылдық елді мекендерде 90,5 пайыз. Бүгінде облыстағы 327 елді мекенінің 35-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген, 154-і орталықтандырылған, 138-і жергілікті сумен жабдықталған. Басқаша айтсақ, облыстағы 610,189 мың тұрғынның 49,258 мыңға жуығы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген,- деді Серік Туленбергенов.
Серік Туленбергеновтің айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мақсатында Абай облысына 15,5 млрд теңге бөлініп, су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша 54 жоба іске асырылуда.
— Биылғы жылы 20 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде облысты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 94,6 пайызға жетпек.
Бұдан басқа су құбыры желілерінде тозу деңгейін азайту мақсатында ұзындығы шамамен 220 шақырымнан астам сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша 21 жоба әзірленуде,- деді С.Туленбергенов.
Сонымен қатар, жиында айтылғандай, Семей және Курчатов қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Жобаның іске асырылуы 2024-2026 жылдарға жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

15 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

15 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС