"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өмірді сақта сарбаз

30.11.2023
Өмірді сақта сарбаз
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Былтыр Қорғаныс министрлігі 2022-2025 жылдарға арналған «Өмірді сақта» бағдарламасын бекіткен болатын. Бұны – әскердегі суицид, әлімжеттік, өлімге әкелетін оқиғалардың алдын алуға және онымен күресетін кешенді жоспар мен мемлекет деңгейіндегі ауқымды бағдарлама деп айтуға болады. Қазір аталмыш бағдарлама аясында түрлі шаралар өткізіліп, ауқымды істер қолға алынуда.

Айталық, Абай өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлері «Өмірді сақта» бағдарламасын іске асыру аясында гарнизондағы мерзімді қызметін өтеуге келген әскери қызметкерлермен келелі кездесу өткізді. Құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы аясындағы басқосуға Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы, психиатриялық денсаулық сақтау орталығының қызметкері, мешіт имамы және шіркеу қызметкері шақырылды.

Осы ретте, Абай облысы психиатриялық денсаулық сақтау орталығының маманы, дәрігер-суицидолог Екатерина Гаврелла және дәрігер психолог Жұлдыз Алтынгазина сөз алып, еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі өз-өзіне қол жұмсау мәселесін тілге тиек етті. Оның себептері мен салдары туралы мәлімет берді.

Өмірді сақта сарбаз Өмірді сақта сарбаз

— Өз-өзіне қол жұмсау жауапкершіліктен қашу салдарынан болып жатады. Көп жағдайда іс әрекеттері өздері ойлағандай болмай шығады. Кейін оның оңай шешу жолы өз-өзіне қол жұмсау деп ойлайды. Психиатриялық диагноздың өзі болашаққа балта шапқанмен бірдей. Келешекте көп нәрсеге қол жеткізе алмайсыздар. Сондықтан болашақты ойлаған абзал, — дейді дәрігер психолог Жұлдыз Алтынгазина.

Әрине, осындай шаралардың жастар үшін берері мол. Қазір қоғамда қандайда бір діннің тереңіне бойламай, жат ағымның жетегіне кету жиіледі. Жастар арасында діндарлық белең алуда. Санасы қатаймаған жастар әлеуметтік желі арқылы теріс пиғылдылардың ырығына бағынып жатыр. Сондықтан саналы ұрпақ тәрбиелеу жалпы ортақ міндет дейді қатысушылар.

— Қазіргі уақытта ислам дінін жамылған жат ағымдар жетерлік. Ислам діні экстремизм мен терроризмге шақыратын дін емес. Керсінше жақсылыққа, ибалылыққа, имандылыққа, Отанды сүюге, құрметтеуге шақыратын дін. Бірақ қазіргі уақытта осы ислам дінін дұрыс түсінбей басқа бағытқа кетіп, жаман жағынан көрсетіп жатқан өзіміздің қазақтың балалары. Себебі, олар дінді дұрыс түсінбей әлеуметтік желіні пайдаланып, уағыздарын тыңдап, жат ағымдардың жетегінде жүр. Біз соған тосқауыл қойып, жастар арасында осы сынды теріс пиғылдардың алдын алуымыз керек. Еліміз береке бірлікте болса ешқандай жау алмайды, — дейді Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының бас теолог маманы Махсат Ботаханов.

Кездесуде қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдар жайын және этносаралық келісімді сақтау мәселелері жөнінде Семей қаласының қос мұнаралы мешітінің наиб имамы Серікбол Арғынов пен Абай облысының орталық шіркеуінің дін қызметкері Евгений Яганов түсіндірді. Ұлтаралық және дінаралық бірлестікті нығайтып, болашақ ұрпаққа аманат ету басты мақсат екені айтылды.

— Бүгінгі сабағымыздың мақсаты сарбаздардың көкейіне толықтай жетті деп санаймыз. Арнайы мамандар сарбаздармен мұндай жиындарды жиі өткізуіміз керек. Олар әскери ортаға толықтай қалыптасулары керек. Мамандардың қатысуымен өткен сабақ барысында жас сарбаздар тақырып бойынша қызығушылықтарын білдіріп, белсене қатысып отырды, — дейді Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің офицері капитан Сымбат Амангелді.

Шара соңында сарбаздар талқыланған мәселе бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Абай өңірлік гарнизоны баспасөз қызметі  

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС