"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ ОЛАРҒА СЕНЕДІ

08.12.2023
ЕЛ ОЛАРҒА СЕНЕДІ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Желтоқсан айының 5-ші жұлдызы – Халықаралық еріктілер күні. Осыған орай апта сейсенбісінде Семейдегі Бизнес және сервис колледжінде қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кең жүрекпен» атты дәстүрлі еріктілер форумы өтті.

Әлібек КЕМЕЛХАН,
«Semeı tańy»
Форумға қаламыздағы жоғары оқу орындары мен барлық арнаулы білім беретін колледждер жанынан құрылған еріктілер ұйымдарының мүшелері, қоғамдық өмірде белсенді жастар, оқытушылар мен студенттер жиналды. Волонтерлер өздерінің жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылап, тәжірибелерін бөлісті.
Форум басталар алдында еріктілердің жыл бойы атқарған жұмыстарын қамтитын деректі фильм көрсетілді. Былтырғы қаһарлы қыстың аязды күндерінде көше тазалаушыларға ыстық шай мен самса таратудан бастап жаздағы орман өрті кезіндегі еріктілердің ерлік істері паш етілді.
Жастар форумында Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, Абай облысы білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Сейілғазы Бласпаев, Семей қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Ерсінбек Өрлеубек сөз алды.
Форумды кіріспе сөзбен ашқан Нұржан Ерғалиұлы еріктілер қызметінің қазіргі қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
— Құрметті жастар, қадірменді волонтерлер! Бірінші кезекте сіздерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтаймын! «Волонтер» — ағылшын тілінен енген мағынасы өте терең сөз. Волонтер деп біз өз уақытымен, өз жағдайымен санаспай, қашан болмасын мұқтаж жандарға көмек көрсетуге даяр тұратын жандарды атаймыз. Бұл — өте жауапты жұмыс. Екінің бірі ерікті бола алмайтынын біз білеміз. Жан жылуын, жүрек жылуын басқа адамдармен бөлісе білу — өте керемет қасиет, — деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Нұржан Есенжолов биылғы жазда орын алған орман өрті кезінде еріктілер жұмысының қымбатқа түскенін де айтып өтті. Бұл орайда табиғат апаты кезінде үлкен көмек көрсеткен семейлік еріктілердің еңбегін жоғары бағалайтынын айтты.
Форум барысында қоғам игілігі жолында қолдан келген көмектерін аямай, жыл бойы мұқтаждарға көмек көрсетіп жүрген еріктілер салтанатты түрде марапатталды. Атап айтсақ, қоғамдық-әлеуметтік іс-шараларда ерекше белсенділігімен танылған бірқатар арнаулы және жоғары оқу орындарының волонтерлері — Д.Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжінің және Электротехникалық колледждің «Ашық жүрек» еріктілер тобы, Семей медицина университетінің, Alikhan Bokeikhan университетінің «Ақ ниет», Көлік колледжінің «Ашық жүрек», Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің «Қайырымды студенттер», Ж.Шайжүнісов атындағы Электронды колледждің «Жан жылуы», Агробизнес және экономика колледжінің «Кең жүрек» еріктілер ұйымы алғыс хат иеленді.
Марапаттау рәсімінен соң қаламыздағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері әзірлеген концерттік бағдарламаға кезек берілді.
Сөз соңында айта кетсек, Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда Семей қаласында 30-ға жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді екен. Олардың көпшілігі — колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері. Сонымен қатар қала мектептерінде де еріктілер тобын құру ісі қолға алынып жатыр.
Семейлік еріктілер қарттарға, мұқтаждар мен мүгедектерге көмек көрсетіп қана қоймай, көптеген қоғамдық іс-шараларды өткізуге мұрындық болып жүр. Сонымен қатар олар көрші облыстардағы табиғат апаттары кезінде де қол ұшын созды.
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деп Абай хакім айтып кеткендей, қайырымдылық, ізгі іске ұйытқы болу бүгінгі жастардың бойындағы ең асыл қасиет екені анық.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

23 минуты бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

36 минут бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

47 минут бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

51 минута бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС