"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ҚҰРЫЛДЫ

23.12.2023
ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ҚҰРЫЛДЫ
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Гендерлік саясатты дамыту, әйел мәртебесін көтеру, қоғамдағы рөлін айқындау, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылды.

Сымбат ЖАЙСАНБЕКОВА,
«Semeı tańy»
Жаңа ұйымның ашылуына орай, партия филиалының ұйымдастыруымен «Қоғам дамуындағы әйелдің рөлі» тақырыбында форум өтті.
Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, «AMANAT» партиясы Абай облысы филиалының төрағасы Қ.Сүлейменов, партия филиалының атқарушы хатшысы С.Ысқақов қатысты. Өңірдегі саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдарда табысты қызмет етіп келе жатқан нәзік жандылар да жиынның бел ортасынан табылды.
Басқосуда алғаш болып сөз алған «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов жаңадан құрылған ұйымның мақсаты әйел мәртебесін көтеру, олардың қоғамдағы рөлін айқындау, нәзік жандылардың ғылыммен айналысуларына жағдай жасау, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету екенін атап өтті.
— Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының әйелдер форумында партия төрағасы Е.Қошанов қатысушылардың партияда әйелдер қанатын құру туралы ұсыныстарын қолдаған болатын. Бүгінде облыс тұрғындарының 51 пайызын әйелдер құрайды. Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясы мүшелерінің 69,6 пайызы — әйелдер. 137 бастауыш партия ұйымы жетекшілерінің 66-сы — әйелдер. Облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 124 мандаттың 34-не әйелдер ие. Олар тек басшылар, кәсіпкерлер ғана емес, ел өміріне белсене араласып жүрген қарапайым әйелдер, аналар, – деді Қ.Сүлейменов.
Басқосуда әйелдердің мәртебесін көтеру, қоғамдағы белсенділігін арттыру мәселесі жан-жақты талқыланды. Партияның облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының шешімімен, әйелдер қанатының кеңесшісі болып кәсіпкер Әйгерім Смағұлова тағайындалды.
Жиында әйелдер қанаты жұмысының мақсат-міндеттері мен жоспарлары баяндалды. Ұйым 10 бағыт бойынша жұмыс істейтін болады.
Басқосуда сөз алған облыстық мәслихат депутаты Р.Молдашева өңірде әйелдерді қолдау мақсатында қолға алынған бастамалар жайында айтып өтті.
— Биыл Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат Сүлейменмен бірге Абай, Бесқарағай, Жарма, Бородулиха аудандарын аралап, әйелдердің жағдайымен таныстық. Бір байқағанымыз, нәзік жандылар мемлекеттік басқару ісіне белсенді араласып, кәсіпкерліктің де шыңын бағындыруда. Мемлекеттің қолдауынсыз-ақ өз кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектер жұмыссыздардың санын азайтуға үлес қосып жүр. Осындай әйел азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалу керек,- деді Р.Молдашева.
Абай облысы мәслихатының депутаты, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі А.Маслова әйелдер қанаты жұмысының 10 басым бағытына тоқталып, ұйымның мақсат-міндетімен, алдағы жоспарлармен таныстырды.
Жиын соңында партия филиалының төрағасы Қ.Сүлейменов қатысушыларды әйелдер қанатының жұмысына атсалысуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

21 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС