"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау: құқық қорғау органдарының рөлі және балаларды қорғау саласындағы қиындықтар»

25.12.2023
«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау: құқық қорғау органдарының рөлі және балаларды қорғау саласындағы қиындықтар»
110
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, оларды кемсітуге жол бермеуге, балалар құқықтарының кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Конституцияның 27-бабына сәйкес балалық шақ мемлекет қорғауында.

Елімізде 6 млн. астам бала бар. Біздің облыста олардың 200 мыңнан астам, оның 500-ден астамы жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау үшін бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитет, бала құқықтары жөніндегі уәкіл органы, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, полиция органдары, ҰЕҰ, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы жыл сайын өз жолдауында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту қажеттігін атап өтеді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді, балалардың, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау шаралары қабылдануда.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, балаларды қатыгездік пен қылмыстық шабуылдардан қорғау прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Оны сәтті шешу үшін облыс прокуратурасы барлық қажетті шараларды қабылдауда.

2023 жылы аталған бағытта 50 тексеру мен талдау жүргізіліп, 200-ден астам заң бұзушылық анықталды, 2500 баланың құқығы қорғалды, 70-тен астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды, нәтижелері жыл сайын облыстық прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралады.

Балалар «Тәуекел тобына» жататын отбасылардың нақты бейнесін анықтау мақсатында уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Отбасының келеңсіздігінің себептері анықталып, қажетті әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Нәтижесінде облыстағы қылмыстық жағдайды талдау соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың екі есеге немесе 45 %-ға азайғанын көрсетті.

Жыл сайын мемлекет балалардың құқықтарын қылмыстық шабуылдардан қорғау мәселесіне көбірек көңіл бөлуде, соның ішінде олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстармен күресу.

Үйлестіру кеңесі мен облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде жоғарыда аталған қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды, уәкілетті органдарға нақты міндеттер жүктелді.

Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысты азайту мақсатында органдарға зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау үшін психологтардың әрекет ету алгоритмін әзірлеу тапсырылды, денсаулық сақтау органдары мен полицияның кәмелетке толмағандардың жүктілігі туралы уәкілетті органдар арасында салыстыру актілерін жасау арқылы хабарлау бойынша жұмысы жолға қойылды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманы сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі үнемі прокуратураның мұқият бақылауында болады.

Биыл балалар үйлері мен балалардың жазғы лагерлеріне тексеру жүргізілді.

Облыстық прокуратура жүргізген тексерулер балалар ұйымдарының жұмысындағы жүйелі кемшіліктерді көрсетті.

Балалар үйіндегі жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша алимент төлемеген 5 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Балалар лагерлерін тексеру барысында облыстағы барлығы 4389 бала сауықтыру демалысымен қамтылғаны анықталды, оның ішінде 771 жетім бала, 2955 аз қамтылған отбасы балалары.

Бұл ретте уәкілетті органдар балалардың сауықтыру демалысына дайындықты дұрыс жүргізбеген, ұйымдардың қызметіне тиісті бақылау жүргізілмеген.

Санитарлық, өртке қарсы талаптарды, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, еңбек заңнамасын өрескел бұзу, бюджет қаражатын ұрлау және балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастырмау фактілері анықталды.

Барлық лагерьлерде азық-түлікті дұрыс сақтамау, медициналық құжаттаманы жүргізу, күнделікті азық-түлік нормаларының сақталуына талдау, жарамсыз жиһазды пайдалану, лас төсек-орын, температураны сақтамау салдарынан санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталды.

Прокуратура қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша 12 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Президентіміздің балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту туралы жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде, облыс прокуратурасының бастамасымен ұйымдардағы балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда жазбаларды сақтайтын бейнебақылау жүйесі жұмыс істеуде.

Мұндай жүйе бейнелерді нақты уақыт режимінде көруге және оларды жою немесе өзгерту мүмкіндігінсіз жазбаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Барлық алынған ақпарат ғаламторға кірусіз сақталады, бұл ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді және деректердің ағып кетуіне жол бермейді.

Сонымен қатар, облыстағы барлық мекемелерде прокурорлар кабинеттері құрылғанын айта кету керек. Мұның барлығы бақылауды күшейтуге және балалар үйі тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі таңда облыс прокуратурасы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша барлық білім беру ұйымдарына тексеру жүргізуде.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

Балалардың заңды құқықтарының бұзылуына қатысты сұрақтар бойынша облыс прокуратурасының 52-08-61, +7(701) 361-88-16 мобильді тобының, сондай-ақ отбасы және әйелдер мен балаларды қорғау мәселелері бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығының нөміріне хабарласу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

7 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

7 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

7 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

7 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

8 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

9 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС