"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Халық алғысына бөленген учаскелік полиция инспекторы »

15.01.2024
«Халық алғысына бөленген учаскелік полиция инспекторы »
174
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елдің тыныштығын қамтамасыз етіп, тәртіпті қадағалайтын учаскелік инспекторлардың жүктемесі көп, міндеті ауыр. Құқық қорғау органдарының имиджін халықпен тығыз жұмыс істейтін осы сақшылардың қалыптастыратындығы анық. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұртқа жақын полиция» қағидасы бойынша учаскелік инспекторлардың жұмысын реформалауды тапсырған болатын. Бүгінгі біздің мақаламыз еңбектің жалауын жықпай, тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау үшін алтын уақытын сарп етіп жүрген инспектор жайлы болмақ.
2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашқы еңбек жолын патрульдік полиция батальонының инспекторы қызметінен бастаған. 2019 жылы Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалып, қазіргі күнге дейін сол жерде жұмыс істейді. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Дулат Абдрахмановтың елеулі еңбегін назардан тыс қалдырмай, 2023 жылы “Қалаға қосқан үлесі үшін” мәртебелі төсбелгісін табыс еткен болатын.

«Халық алғысына бөленген учаскелік полиция инспекторы »
Қарағайлы ықшам ауданы тұрғындарының айтуынша Дулат Абдрахманов күн сайын өз ауданының тұрғындарымен тікелей байланыста болып, аумағында 18 мыңнан аса адам тұратын Қарағайлы шағын ауданында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.
-Дулат өзінің тікелей қызметтік міндеттерін атқарумен қатар, өзінің әкімшілік учаскесінің қарт тұрғындары мен балаларына ерекше назар аударады. Оларға қолынан келгенше көмегін көрсетіп жүр. Сондай-ақ, Жаңа жылда басқада мейрамдарда учаскелік инспектор көпбалалы отбасылардың балалары үшін балалар ойын алаңында шағын мереке ұйымдастырып, ол жерде ойындардан басқа балаларды дәмді тағамдар мен сыйлықтармен қуантып жүреді, дейді қарағайлы тұрғыны Сәуле Кенжебайқызы.
Дулат Абдрахмановтың айтуынша, жұмыстың қызығы да қиыншылығы да қатар жүреді. Халыққа қолұшын созып сауапты іс жасағанымен, отбасын, бала-шағасын сирек көреді.
-Құдай қосқан қосағым мен балдан тәтті 3 балапаным бар. Күніміздің басым бөлігі жұмыста өтетіндіктен оларды сағынамын. Бірақ біреуге титтей де пайдам тиіп, ақ жаулықты әжелердің батасын алып жатқанда бұл бағытты бекер таңдамағаныма көзім жетеді. Басында жұбайым ренжіп, өкпе-назын білдіретін-тұғын. Бірақ қазір түсінік танытып, әрдайым қолдау білдіреді, — дейді сақшы.
Екінің бірі учаскелік инспектор бола алмайды. Көбісі жұмыстың ауыртпашылығына шыдамай, басқа жаққа ауысып жатады. Кейіпкеріміздің сөзінше, инспектор болу үшін әуел кезекке шыдамдылық пен табандылық қажет. Одан кейін халықпен сөйлесе біліп, әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алу керек.
-Жас полицейлерге әркез тәжірибеммен бөлісіп, бағыт-бағдар сілтеймін. Қандай да бір қиындықтарға тап болып жатса ақылымызды айтамыз. Осы ретте, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бізге көңіл бөліп, қолдау көрсетіп жатқаны қуантады. Бір тілегіміз – учаскелік инспекторлардың штаты арттырылса. Себебі қазір жер-жерде халық саны көбейіп, инспекторлардың жүктемесі ауырлай түсуде, — дейді Дулат Советқанұлы.
Сағат 21:00 шамасында жұмыс күні аяқталды. Бұл қатып қалған уақыт емес. Учаскелік инспекторлар кейде одан да жай қалып жатады. Тіпті таңға дейін тер төгетін сәттер де кездеседі. Дулат Абдрахмановпен сұхбатымзда , оның жұмыстағы төзімділігі мен еңбекқорлығына қайран қалдық. Әңгімелесе жүріп инспектордың азаматтық ұстанымына беріктігі, қызметіне деген адалдығын сездік. Сездік те осындай сақшылар барда халықтың қауіпсіздігіне алаңдамауға болатынын түйсіндік.
– Қызметтің ауыртпалығына қарамастан, учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеу мен үшін құрмет, – деп атап өтті Дулат Абдрахманов.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС