"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ –  БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

31.01.2024
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ –  БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай гарнизонының әскери қызметшілеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздігін сақтауды түсіндіруге арналған жиын өтті. Әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің бастамасымен ұйымдастырылған басқосуда қызметтік және жеке автокөліктермен орын алатын жол көлік оқиғалары мен әкімшілік құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Гарнизонның әскери бөлім командирлерінің орынбасарлары, автокөлік қызметінің бастықтары, бөлім және батальон сержанттары, әскери полиция басқармасының бөлім бастықтары, сонымен қатар, қаланың наркологиялық орталығы мен полиция басқармасы қызметкерлері қатысты.

Жиынды ашқан Абай өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының Әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Арнұр Сейсеновтің айтуынша, аталған шара 2022-2024 жылдарға арналған ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру және құқықбұзушылықтың алдын алу жоспары негізінде өткізіліп отыр. Оның пайымдауынша, әскери қызметшілерге салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікті, есірткі және улы заттарды пайдаланудың салдарын ескерту өте маңызды.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ –  БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

—  Аталған іс-шара мақсаты әскери қызметшілердің қоғамдық орындарда ішімдік ішу, ішімдік ішіп көлік жүргізу, ұсақ бұзақылық жасау, жаяу жүргіншілер мен автокөлігі бар тұлғалардың жол жүру ережесін бұзу фактілерін алдын алу болып табылады, — дейді Әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Арнұр Сейсенов.

Келесіде полиция қызметкерлері өздерінің бағыттары бойынша ақпараттарын жеткізіп, ішімдік пен нашақорлықтың зияны жөнінде және «Европротокол» арнайы мобильдік қосымшасын түсіндіріп берді. Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Ержан Ақбаев ағымдағы жылдан бастап, ұсақ жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер сақтандыру жағдайын полиция мен соттың қатысуынсыз оңайлатылған тәртіппен рәсімдей алатынын, ол үшін арнайы «Европротокол» мобильдік қосымшасы әзірленгенін баяндады.

Ал аталған полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Асхат Оразғалиев, енді ұсақ жол көлік оқиғаларының себепшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды дейді. Оның айтуынша, жүргізушілер тәртіп сақшыларын шақырмай-ақ, заң бұзушылықты тіркей алады. Қатысушылар өзара келісіп қосымша арқылы онлайн хаттама толтырады. Бұл өзгеріс тәртіп сақшылары мен жүргізушілердің жұмысын жеңілдету мақсатында қабылданып отыр.

Семей қаласының наркология орталығының нарколог дәрігері Елена Риндия әлемді жайлаған нашақорлық дертінің артып бара жатқанын, өкініштісі, әсіресе жастар арасында есірткі және психотроптық заттарды пайдалану көбейгенін атап өтті. Ол ішімдік ішіп, зиянды заттарды пайдаланып көлік басқару тіптен қылмыс болып саналатытын жеткізді.

— Нашақорлық қоғам дерті. Онымен күресуде жалғыз адамның күші келмейді. Бұл жерде заң өкілдері, нарколог мамандар, ата-аналар, тіпті еліміздің әрбір азаматы күрсеуі керек. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу біздің қолымызда, — деді.

Жиынды әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы полковник Сергей Капчук қорытындылады. Кездесу соңында әскери қызметшілер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, заң аясында тиісті жауаптарын алды.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

7 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС