"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САПЕРЛЕР ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП КУРСАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ӨТКІЗДІ

12.02.2024
САПЕРЛЕР ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП КУРСАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ӨТКІЗДІ

Абай гарнизонының инженерлік-саперлерік полк жеке құрамы арнайы далалық жаттығу алаңында жауынгерлік дайындықтың қортынды сабақтарын өткізді. 54770 әскери бөлімінің бөлімшелерімен өткен тактикалық сабақтарға әскери-техникалық мектеп курстанттары да қатысты. Айта кетейік, әскери-техникалық мектеп сапер мамандығы бойынша курсанттарды алғаш рет дайындап отыр. Сондықтан әскери мектеп басшылығы аталған шараға аса ыждағаттылықпен қатысып, тыңдаушыларының білімін шыңдады.

Жауынгерлік жоспарға сәйкес ұйымдастырылған жаттығуда мерзімді әскери қызметін өтеуші жас инженер-саперлер де болды. Жалпы шараның мақсаты мамандардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, білімдерін арттыру.

Сабақтар негізгі үш бағытта өтіп, әр салада мамандар өз шеберліктерін пысықтады. Нақтылай кететін болсақ, алғашқы оқу жаттығу орнында инженерлік бөгет ротасы ПМЗ-4-П арнайы сүйреткішімен жазық даланы миналап шықты. Танкіге қарсы ТМ-62 минасы жоғарыда аталған тіркемелі механикаландырылған құрылғымен жүзеге асырылды. Құрамында бес адам бар экипаж мүшелері тапсырманы сәтті орындай алды. Келесіде инженерлік саперлер ротасының сарбаздары білікті саперлердің нұсқауымен көлік жолын минасыздандырды. Жауынгерлер алдымен жолды сүзіп өтіп, ТМ-62 жарылғыш заттың бар жоғын анықтады. Кейін табылған минаны залалсыздандыру үшін алыстан жарып жіберді. Ондағы мақсат минаның астында болуы мүмкін тағы бір жарылғыш заттың көзін жою. Саперлер бұндай жағдайлардың да болуы мүмкін екенін айтады. Оны олар өз араларында «сюрприз» деп атайды екен. Сондықтан осындай тосын сыйлардың болмауы үшін сақтық шаралары жасалып, жарылғыш затты алыстан жарып жібереді.САПЕРЛЕР ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП КУРСАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ӨТКІЗДІ САПЕРЛЕР ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП КУРСАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ӨТКІЗДІ

Бұдан кейін инженерлік жол ротасы Краз-255 көлігінің базасындағы ТММ-3 құрылғысын орнатты. Бұл жиналмалы көпір өтуі қиын жерлерден ауыр техниканың қатынауына арналған.  Инженерлік жол ротасы қойылған тапсырманы талапқа сай орындай алды.

Сабақтар барысында әскери-техникалық мектеп курсанттарына сабақ  жүргізіліп, инженер-сапер мамандығының қыр сыры түсіндірілді. Сабақтар барысында жарылғыш заттардың түрлері, оларды жою жолдары мен оған қажетті құралдар нақты түрде көрсетілді. Одан бөлек курсанттар бөлімшелердің жүзеге асырған тапсырмаларын өз көздерімен көріп, жақсы әсер алды.

Қорыта айтатын болсақ, осындай шаралар жас сарбаздардың жауынгерлік даярлығын пысықтап, еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға өз септігін тигізері анық.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

18 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС