"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АҚШЫҢ» ЖАЙЛЫ АҚИҚАТ

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ АНЫҚТАЛАДЫ

17.02.2024
«АҚШЫҢ» ЖАЙЛЫ АҚИҚАТ
147
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақпан айының алғашқы аптасы семейліктер үшін өте ауыр болды… Таяуда ғана 30 жылдығын атап өткен Семейдегі ірі сауда орталығы «Ақшың»ө ртке оранды. Отпен бірге сауда орталығын күнкөріс көзі етіп отырған мыңдаған адамның кәсібі күлге айналды…

«Ақшың» сауда орталығы Тәуелсіздіктің алғашқы кәсіпкерлік нысандарының бірі болатын. Сауда орталығының иесі — Семей қаласының Құрметті азаматы, атымтай жомарттығымен есімі елге белгілі кәсіпкер, меценат, Абай облысы мәслихатының депутаты Марат Құрманбай. Өкінішке орай, Марат Серікжанұлының бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен кәсібі тілсіз жаудың құрбаны болды.

Риза МОЛДАШЕВА,

«Semeı tańy»

«Ақшың» — Семей қаласындағы ең ірі сауда орталығы болып са-

налады. 30 жылдық тарихы бар кәсіпкерлік нысан осы уақытқа дейін

мыңдаған адамның баспана алуына, балаларын оқытуға, өсіп-өніп,

жақсы өмір сүруіне мүмкіндік жасап қана қоймай, облыс қазынасы-

на салмақты салық төлеп, қомақты үлес қосып келді. Аймақ тұрғын-

дары да тұрмысқа керек-жарақтың барлығын осы орталықтан таба-

тын. Қалаға келген қонақтың «Ақшыңға» соқпай кететіні жоқ деуге

болады. Қала тіршілігіне қан жүгірткен кәсіпорында болған төтенше

жағдай кәсіпкерлік нысан басшылығына да, сонда еңбек ететін аза-

маттарға да орасан шығын әкелді. Тілсіз жау шарпыған аумақтың

жалпы көлемі 16 500 шаршы метрді құрайды.

Сауда орталығы басшылығының шығыны оның нарықтық құнын

есептемегенде 10 млрд теңгеден асады. Өрт салдарынан 1000-ға

жуық кәсіпкер материалдық жағынан зардап шекті. Олардың 360-

ы киім-кешек саудасымен, қалғандары азық-түлік, жеміс-жидек, дә-

рі-дәрмек, зергерлік бұйымдар, ұялы телефон аксессуарлары, тұр-

мысқа қажетті өзге де заттарды сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта

нақты шығын көлемі анықталуда. Өкінішке қарай, осы жағдайға орай

шығын мөлшерін бірнеше есе көп қылып көрсетіп, пайда табуды көз-

деген азаматтар да жоқ емес. Бірақ оларға келтірілген залал мөл-

шерін мемлекеттік кірістер басқармасы бастаған құзырлы органдар

анықтайтын болады.

Семейдегі үлкен сауда орталығында болған осы өртке байла-

нысты ел арасында гу-гу әңгіме көп… Қоғамның саналы тобы тауа-

рынан айырылған кәсіпкерлерді сабырға шақыра отырып, қиын кез-

де қаланың жұмыссызына жұмыс орнын берген, баспанасыздың

баспана алуына, баласын оқытатындарға қаржы көзі болған, қала

орталығына көрік беріп тұрған «Ақшыңның» бүгінгі бейнесін көріп

іштері өртеніп, сауда орталығының қожайыны Марат Құрманбайдың

қайырымдылығы мен адамгершілік қасиеттерін айтып, бірге қиналу-

да. Дәл осы бір ауыртпалыққа толы сәтте сауда орталығының бас-

шылығына қатысты небір қауесеттер де айтылып жатқанын байқай-

мыз.

Бұл ретте зардап шеккен кәсіпкерлер арасында, болған жағдай-

ға түсіністікпен қарап, мәселенің шешілуіне бірлесе атсалысу керек

деп отырғандар да аз емес… Мысалы, фейсбук әлеуметтік желісінде

Құралай Оспанова атты азаматша: «Ақшың» — біздің екінші үйіміз!

Марат Серікжанұлы, біз Сізбен біргеміз! Мен «Ақшың» сауда үйінде

көп жылдар бойы кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Осы жылдар

ішінде «Ақшыңда» саудасын жүргізіп тұрған кәсіпкерлерге басқа-

лар қызыға қарайтын. Өйткені бұл — құтты мекен! Семейдің бірне-

ше мыңдаған тұрғындарына баспана, көлік алу, шет елде демалу,

балаларын жоғары оқу орнында оқытуға осы «Ақшың» мүмкіндік

жасап келді.

Сондықтан «Ақшыңда» болған жағдай біздің бәріміз үшін ауыр

тиді. Біз «Ақшыңның» еңсесін қайта көтеретініне сенімдіміз және

сол күнді асыға күтеміз!

Марат аға, осы ауыр сәтте БІЗ СІЗБЕН БІРГЕМІЗ! Мықты

болыңыз!!!» деген жазба қалдырса, белгілі журналист Дәулет

Сейсенұлы Алматыда жатып ақ тілегін қалдырыпты: «Марат бауы-

рымыз сан ондаған, жүздеген адамды жұмыспен қамтамасыз ету-

мен шектелмей, полигон аймағындағы тұрғындарға да қол ұшын

беріп келе жатқан азамат. Сондықтан оның бұл қиындықтан да

сүрінбей өтетініне сенеміз!».

Бақытгүл Құрманғалиева: «Марат Серікжанұлы — ұзақ жылдар

бойы демеушілік жасап жүрген қаламыздың сыйлы азаматының

бірі. Бұл қиындықтан жақсы өтіп кетуін тілеймін. Қаламыздағы

мыңдаған адам еңбек етіп, отбасын асырып жүрген орынның бір

сәтте өртке оранып кетуі бәрімізді де қатты қынжылтады».

Нағима Хайруллина: «Құрметті бауырымыз Марат, сіздің

қаншама адамдарға қайырымдық жасап, алғысын алған абырой-

лы мәрт азамат екеніңді көпшілік ел біледі. Бауырым Марат, осы

қиын сынақтан аман-есен, мойымай өтуіңе тілектеспіз»,- дейді.

Осы сияқты игі тілегін арнап жатқандар аз емес.

Сауда орталығындағы кәсіпкерлер алғашқы күндерге қарағанда

қазір болған оқиғаға саналы түрде қарай бастағандары байқалады.

Қазір материалдық жағынан зардап шеккендерге қолдау көрсету

тетіктері жан-жақты қарастырылуда. Бұл мәселені облыс әкімі өзі-

нің жеке бақылауына алғаны белгілі. Қаламыздағы ірі кәсіпорындар,

құзырлы органдар, екінші деңгейлі банктер, оқу орындары, беделді

азаматтардың өзі қол ұшын беруге ниетті екендіктерін білдіріп отыр.

Осы орайда қиын жағдайда қалған кәсіпкерлерді қолдау мақсатын-

да «Семей үміт» деген атаумен арнайы қор құру жұмысы басталды.

Аталған қорды жедел түрде ашу қажеттігі де назарда. Ашылатын

қордың құрылтайшылары ретінде зардап шеккендерден құрылған

бастамашыл топ мүшелері тіркеледі. Сонымен қатар жергілікті кәсіп-

керлер палатасы, дін өкілдері қордың мүшелігіне кіргізілмек. Қорға

жиналған ақшаның зардап шеккен кәсіпкерлердің қолдарына жету-

дің ашықтығын қамтамасыз ету, бақылау үшін, құрылтайшылардан

құралған комиссия жасақталады.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептерін анықтау жұмыстарымен

Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрлігі, Қаржы мониторин-

гі агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен

құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы айналысып жатыр.

Сауда орталығының басшылығы өз кезегінде өрттің объективті се-

бептерін анықтауға тікелей мүдделі. Осы мақсатта облыс әкімі-

нің мақұлдауымен Ресейден тәуелсіз сарапшылар шақыртылған.

Алайда жедел-тергеу тобы ресейлік сарапшыларды комиссия құра-

мына кіргізбей отыр???

«Ақшың» сауда орталығында өрт қауіпсіздігі мәселесі кәсіпкерлік

нысан басшылығының ең басты назарында болғанын ерекше атап

өту керек. Жылына екі рет мұнда өрт қауіпсіздігіне қатысты оқу-жат-

тығу өткізілетін. Өрт қауіпсіздігі талаптары сауда орталығында сақ-

талған. Бұл орайда тиісті құжаттар да бар. Ендеше, тәуелсіз комис-

сия өрт себебін шынайы әрі ашық түрде анықтайды деген үміттеміз.

Өрт жағдайына келер болсақ, ол түнгі сағат 2:30 шамасында бас-

талған. Төтенше жағдайлар қызметіне мезгілінде хабар берілгені-

мен, олар дер кезінде келіп үлгермеген. Бір ғана көлік келіп, қалған-

дарын күтіп тұрғанда өрт біраз аумаққа жайылып үлгерген. Мұны

куәгерлердің түсірген бейнежазбасынан да көруге болады. Мұнымен

қоса олардың өрт кезінде киетін арнайы киімдері де болмаған. Сол

себепті олар ғимараттың ішіне кіре алмай, ұзақ уақыт сырттан өшіру-

ге тырысқан. Өрт ғимарат ішінде жайыла берген.

— Құтқарушылардың еңбегін жоққа шығармаймыз, бірақ дер кезін-

де әрекет жасап, бар мүмкіндіктерін пайдаланса, мұндай шығынның

алдын алуға болар еді,- дейді өрт куәгерлері. Тағы бір айта кететін

жайт, «Семей су арнасы» МКМ қамтамасыз ететін су құбырларында

қысым төмен болғандығы анықталды. Қажетті мөлшері кем дегенде

6,5 — 7 көрсеткіште болуы керек болса, сол кезде оның көлемі 3-еу

ғана болған. Бұл, өз кезегінде, өрт сөндірушілерге су қорын пайдала-

нуға кері әсерін тигізген.

Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта мүмкіндігінше орталықты

қалпына келтіріп, кәсіпкерлердің сауда орындарына қайта оралула-

рына ниетті.

Сондай-ақ қазіргі таңда «Ақшың» корпорациясының басшылығы

Парламент депутаттарына, банктерге зардап шеккендер үшін ұзақ

мерзімге төмен пайызбен несие беру мәселесіне қолдау көрсету жө-

нінде үндеу жолдап отыр.

Бұл апатта кәсіпкерлер ғана емес, сауда орталығының иесі

де үлкен шығынға ұшырап отыр. Семейдегі бұл сауда үйі Марат

Серікжанұлының бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен еңбегінің жемі-

сі болатын.

Жасаған жақсылықты еске алатын уақыт осы болар. Марат

Серікжанұлының тарапынан жасалған қайырымдылықты осындай-

да еске алып жатқандар аз емес. Көпшілік оның қарға сияқты бауы-

рына басып емес, қыран сияқты шашып жейтін, айналасынан мейірі-

мін аямайтын азамат екендігін жиі ауызға алуда.

Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Дегенмен ел арасын-

да әңгіме көп… Біреу қасақана жасалған десе, ал енді біреу-

лер электр ақауынан кеткен деген жорамал айтады. Ендеше,

«Ақшыңдағы» өрттің неден шыққаны жайлы ақиқатты алда-

ғы күндердің еншісіне қалдыра тұрайық… Сараптаманың қо-

рытындысы шынайы болар деген үміттеміз. Ең бастысы,

адам шығыны жоқ.

Кеткен шығынның орны толар-ау… Тек азаматтарымыз

аман болсын! Сын сағатта бір-бірімізді табаламай, жылы

сөзбен демеу болайық! Апат айтып келмейді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

12.08.2026
Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

Колоректальды обыр – қазіргі онкологиядағы өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын Қазақстанда бұл ауру бойынша 4 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі....

Толығырақ...Details

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

11.08.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Еңбек өтілін растайтын анықтаманы қалай алуға болады? Еңбек өтілін растайтын архивтік анықтаманы келесі жолдармен алуға болады: 1. Еңбек өтілін растау:...

Толығырақ...Details

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

11.08.2026
Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

Абай күні сайлауалды күн тәртібіне мәдени мұра мен қоғамдық бірегейлікті қалыптастыратын құндылықтарға қатысты жаңа мазмұн қосты. Сонымен қатар партиялар тұрғындармен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 часа бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 часа бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

1 день бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

1 день бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

2 дня бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

2 дня бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

2 дня бұрын

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

2 дня бұрын

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

2 дня бұрын

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС