"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘБІГЕРГЕ САЛҒАН АҚПАННЫҢ АҚ БОРАНЫ

19.02.2024
ӘБІГЕРГЕ САЛҒАН АҚПАННЫҢ АҚ БОРАНЫ
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы күндері «кәрі құда» қаһарына мініп, әлек салуда. Боран соғып, қалың қар жауып, аяз күшейе түсті. Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті мамандары мен тәртіп сақшылары, жол полициясы өкілдері алдын ала ескертілгеніне қарамастан жолға шығып кетіп, қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқаруда. Мұндай жағдайлар біздің өңірде ғана емес, еліміз бойынша сипат алуда.

Әлібек КЕМЕЛХАН,
«Semei tany»

Бірнеше күннен бері боран соғып, аяз күшеюіне байланысты облыстық, республикалық маңызы бар автомобиль жолдары тәуліктің түнгі мезгілінде уақытша жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Әсіресе Көкпекті, Жарма, Аягөз аудандары бойынша жағдай күрделі. Мәселен, Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.
«Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», — делінген хабарламада.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов тағайындалды.
Демалыс күндері Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 126 көлік, оның ішінде 90 жеңіл, 35 жүк және 1 автобус қар құрсауында қалған. Сынап бағанасы кейбір жерлерде -35-38 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты, аудан басшысы Дәлдәбек Тәжібайұлының тікелей ұйымдастыруымен ауданның барлық коммуналдық қызмет мамандары және жеке кәсіпкерлердің техникалары республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы жолаушыларды құтқару, жолды тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.
Жолаушыларға Көкпекті орта мектебінде ыстық тамақ пен жатын орындар дайындалды. Қазіргі таңда жағдай аудан әкімінің бақылауында.
Сонымен қатар өткен тәулікте Көкпекті ауданындағы әйгілі Байбура асуындағы жағдайға байланысты арнайы мониторинг жасалды.
Қар құрсауында қалған автомобильдерді жылыту үшін жылу генераторларын жеткізу мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен шықты.
Бүгінгі таңда, соңғы мәліметтер бойынша, облыстың автомобиль жолдарында автокөлік кептелісі жоқ. Қазіргі уақытта аяз салдарынан қатып қалған автомобильдерді жылыту және оларды елді мекендерге тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы мәліметтер бойынша, 27 жеңіл және 7 жүк көлігі өз бағытымен кетті. Бұл учаскеде 78 адам және 30 техника жұмыс жүргізді. Жол бойындағы ақ түтек қарлы бораннан құтқарылған адамдар жергілікті атқарушы органдардың көмегімен тұрғылықты жерлеріне қайтарылып жатыр.
Жағдай Аягөз ауданында да біршама күрделі. Қар шығару жұмыстарына Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері көмекке келді. Олар облыстық маңызы бар жолдарды арнайы әскери техниканың күшімен ашуда. Нәтижесінде қар құрсауында қалған 90-нан аса жолаушы Аягөз қаласына жеткізілді. Коммуналдық мекемелерге орналастырылып, ыстық тамақ берілді.
Бүгінгі күні қала көшелерін басып тастаған қарды шығару жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық қызмет жұмысшыларына жергілікті ерікті жастар, теміржолшылар көмектесуде.
Айта кетерлігі, демалыс күндері Аягөз қаласындағы «Новая» жылу қазандығынан ақау шығып, нәтижесінде көп қабатты үйлердің жылу жүйесіндегі судың қысымы біршама төмендеп кетті. Алайда аудан әкімі Қанат Әділбаевтың басшылығымен жедел іске кіріскен коммуналдық қызмет мамандары жылу трассасының жұмысын толықтай қалпына келтірді. Бүгінде қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, осы аптада ел шығысында сынап бағанасы кейбір жерлерде — 40 градустан да төмен белгіні көрсетпек. Сондай-ақ таулы аудандарда қалың қар мен бұрқасын күтілуде. Ауа райы тек алдағы демалыс күндері ғана тұрақталады деп болжануда.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

19 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

19 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

19 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС