"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бесқарағай, Аягөз: әкімшілік-аумақтық құрылысқа өзгерістер енгізілді

22.02.2024
Бесқарағай, Аягөз: әкімшілік-аумақтық құрылысқа өзгерістер енгізілді
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс, он үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»
Сессия отырысында сегіз мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев, ауыл шаруашалығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев баяндама жасады.
«Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Абай облысының басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ және «Абай облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы» ММ құрылды, сондай-ақ Абай облысы әкімдігінің дербес құрамы бірауыздан бекітілді.
2024 жылға жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету туралы Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев баяндап өтті.
Сессияда Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Ортаарал мен Ақшоқы ауылдары таратылып, оның аумағы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының әкімшілік құрамына, Ай ауылы таратылып, оның аумағы Нарын ауылдық округінің Шынқожа ауылының әкімшілік құрамына енгізілді.
— Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округіне қарасты Ортаарал елді мекенінің жалпы жер көлемі – 48 мың гектар. Онад 39 адам тұрып жатыр. Ортаарал ауылы Тарбағатай ауылдық округінің орталығы Тарбағатай ауылынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Елді мекен халқы мал шаруашылығымен айналысады. Мектеп жасындағы балалар жоқ. Ауылдағы бастауыш мектеп бала санының аздығына байланысты жабылған. Ауылда өндірістік орындар, қоғамдық, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, мектеп және медициналық пункт жоқ. Ауыз су бұлақтардан алынады. Елді мекенді дамыту экономикалық жағынан тиімсіз. Ауыл жабылғаннан кейін елді мекен қыстақ болып қалады. Ақшоқы, Ай елді мекендеріндегі жағдай да осындай,- деді Ж.Сәрсебаев.
Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы Анзор Абаев Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. Атап айтқанда, Глуховка және Канонерка ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілді. Жалпы ауданы 1899,3 гектар Глуховка ауылдық округінің Жыланды ауылы Канонерка ауылдық округіне берілді. Осылайша, Глуховка ауылдық округінің шекарасының жалпы ауданы 113 125,7 гектар, Канонерка ауылдық округінің шекарасының жалпы ауданы 76 800,7 гектар болып бекітілді.
Сондай-ақ Семей қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту; Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы «Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы», 2023 жылғы 20 сәуірдегі «Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар да қаралды.
Сессияның негізгі бөлігі аяқталған соң бірқатар депутаттар облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевқа сауалдарын жолдады. Халық қалаулысы Ержан Қойгелдин Көкпекті ауданы Преображенка ауылындағы орта мектептің жағдайын айтып, Преображенка орта мектебінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлуге көмек көрсетуін сұрады. Сондай-ақ Преображенка ауылының дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі 2023 жылдан қолға алыныпты. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар дайын. Күрделі жөндеу 87 млн 300 мың теңгені қажет етеді екен. Депутат 2024 жылы жұмыстарды жүргізу үшін қаражат қарастыруды сұрады.
«Республика» партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Арман Ахметқанов үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, жол бойына қоршаулар орнату қажет екенін айтты.
2023 жылы ашылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «QAMQOR SEMEY» ЖШС-ға қатысты мәселе бойынша Шолпан Шегедекова да депутаттық сауалын жолдады.
Талғат Баймуринов жаңадан құрылған Жаңа Семей ауданының тез қалыптасып, жұмыс істеп кетуі үшін жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдеріне Семей қаласы әкімдігінің тиісті бөлімдерінің мамандарын жұмылдыруды сұраса, Марат Құрманбай әріптестерінен 6 ақпан күні «Ақшың» сауда үйінде орын алған өртке байланысты тексеру комиссиясының әділ шешім шығаруына атсалысуларын өтінді.
Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков күн тәртібінде қарастырылған мәселелердің шешімі алдағы уақытта тиімді жұмыс атқаруға мүмкіндік беретінін атап өтіп, депутататрдың сауалдары тиісті мекемелерге жолданатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС