Ажа ауылында еріген қар суының ауылға кірудің алдын алу мақсатында эксковатормен су жолын жүруі мүмкін 2 км жолға бөгеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстарға 3 бірлік техника, 12 адам жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта Ажа ауылына су басу қаупі жоқ. Аталған орында кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақылауда.