"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Олжас Бектенов қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беруге шақырды

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы қаралды. Мәселе бойынша экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация министрлері, ТЖ жөніндегі вице-министр және өңірлер әкімдері баяндама жасады

02.04.2024
Олжас Бектенов қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беруге шақырды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Бауыржан Сыздықов министрлік су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып жатқанын айтты. Алғашқы сағаттан бастап ТЖМ, әкімдіктер, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық ұлан, ҰҚК бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Олар жедел әрекет етіп, өзара іс-қимыл үйлесімді жүзеге асыруда.

Су тасқыны жағдайы күрделі болып отыр: батыс өңірлерде судың шамалы төмендеуі байқалады, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейі қарқынды көтеріліп келеді. 5 облыс су басу аймағында қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 ТЖ жариялады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Министрліктің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, жіберілді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өз кезегінде су тасқыны кезеңінің басында республикалық меншіктегі 94 су қоймасында тасқын суларды жинау және оларды өткізу үшін бос сыйымдылықтар құрылғанын айтты. 1 наурыздағы жағдай бойынша су қоймаларының орташа бос сыйымдылығы 60%-ды құрады.

Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қарттар, әйелдер мен балалар ТЖ аймақтарынан бірінші кезекте эвакуацияланып жатыр. Су тасқыны кезінде барлығы 15 786 адам құтқарылды, оның ішінде 6 187-сі кәмелеттік жасқа толмаған. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пунктілерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала бар. Су тасқыны белсенді кезеңге өтпеген елді мекендерде су басудың алдын алу шаралары күшейтілді.

Премьер-Министр қорғаныс министріне ТЖМ-ге техникалық көмек және жеке құрам түрінде барлық қажетті қолдауды көрсетуді тапсырды. Үкімет басшысы биыл мұндай апат су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де орын алып жатқанын айтты. Үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындардың әрекеті эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатыр.

«Қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Эвакуациялау – бірінші кезекте, Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етуге бағытталған!» — деді Премьер-Министр.

Олжас Бектенов зардап шеккендердің ешқайсысы мемлекет тарапынан көмексіз қалмайтынын атап өтті. Жедел ден қою және үйлестіру жұмыстарын жақсарту үшін Премьер-министрдің басшылығымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жұмыс істеп жатыр.

Үкімет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді:

  • ТЖМ ҚМ мен ЖАО-мен бірлесіп, алдын ала эвакуациялау жұмыстарын жүргізе отырып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды құтқару жөнінде қажетті шараларды қабылдауы керек;
  • ТЖМ басқа да күштік құрылымдармен бірлесіп, су басқан елді мекендерде уақытылы авариялық-құтқару және кезек күттірмес шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жеткілікті күштер мен құралдар көлемін тартуы керек;
  • Әкімдіктер Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы су тасқынына ден қоюды ескере отырып, елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде су тасқынына жол бермеу жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауы тиіс;
  • ТЖМ мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, 2025-2029 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жоспарын әзірлеуі керек;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық экономика, Қаржы, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрліктері мен өңірлер әкімдіктері стихия келтірген залал көлемін бағалап, зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетуді дереу бастауы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

11 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

11 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

14 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

15 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

15 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

16 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

16 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

16 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

16 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС