"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мәжіліс депутаты су басқан өңірлерде

08.04.2024
Мәжіліс депутаты су басқан өңірлерде
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Абай облысына жұмыс сапарымен ҚР Мәжілісі депутаты Нұртай Сабильянов келіп, су тасқыны орын алған Аягөз, Жарма, Көкпекті аудандарында болды.

Мәжіліс депутаты алдымен Аягөз ауданына ат басын тіреп, Бозай ауылында халықпен кездесу өткізді. Бұл ауылда көпірді тасқын су шайып кеткендіктен, тұрғындар аудан орталығы мен басқа елді мекендерге бара алмай отыр. Қатынас құралы — аудандағы жалғыз қайық қана.

Ауыл тұрғындары Нұртай Салихұлына су батқан мал басының шығындарын өтеу, көпірді қалпына келтіру, ауылда спортзал салу, жеңілдетілген несие беру және жайылым мәселелерін көтерді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үндеуінде Үкіметке тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу үшін мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды. Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастырады. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет. Мемлекет басшысы атап өткендей, қызыл судан зардап шеккен азаматтардың ешқайсысы ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі,- деді Н.Салихұлы.

Мәжіліс депутаты осыдан соң Жарма ауданына келді. Үшбиік ауылының ортасындағы екі ауылды байланыстыратын су шайған ескі көпір қазір апаттық жағдайда тұр. Өткел қауіпті болғандықтан, көліктер айналма жол арқылы жүріп жатыр.Тұрғындар осы көпірді жаңадан салу қажеттілігін айтты.

Қазіргі таңда елді мекенде жағдай қалыпты. Аудан әкімдігі тарапынан көпірді жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, тиісті құжаттар облысқа ұсынылған. Депутат атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Сапар барысында Н.Сабильянов Жаңғызтөбе кентінің жанындағы көпірдің жағдайымен танысты. Бүгінде көпір қалпына келтіріліп, көлік қозғалысы жанданған.

Мәжіліс депутаты Көкпекті ауданына да барды. Уақтылы қабылданған шаралар мен атқарылған жұмыстардың арқасында Көкжайық ауылына қауіп төндірген судың беті кері қайтқан. Бүгінде өңірді су басу қаупі жоқ,  жағдай тұрақты. Тұрғындар халық қалаулысына Көкжайық ауылының жанынан тасқын суға қарсы бөгет салу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Тассай ауылына баратын жолдағы көпірді су шайып кеткен. Қарым-қатынас қайықтар арқылы жүзеге асырылуда. Сондықтан жаңа көпір салу мәселесі күн тәртібінде тұр.

— Жалпы, өңірлердегі төтенше жағдайлар департаменттерінің материалдық-техникалық базасын жақсартып, оларды кадрлармен толық қамтамасыз ету қажет. Су тасқынынан зардап шеккен әр азаматтың мәселесі, елді мекендегі жағдайлар тиянақты қарастырылып, барлық мәселелер шешілетін болады. Осындай қиын-қыстау кезде ауызбіршілігімізді көрсетіп, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға барлық қолдау көрсетуіміз қажет,- деп түйіндеді сөзін Н.Сабильянов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС