"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыста 2025 жылға дейін 11 жаңа мектеп салынады

10.04.2024
Облыста 2025 жылға дейін 11 жаңа мектеп салынады
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өңірде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 700 орындық 11 жаңа мектеп салынбақ. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова баяндады.

Спикердің мәлімдеуінше, 2023 жылы облыста барлығы 6 мектептің құрылысы басталды. Семей қаласында «KAZ Minerals Management» ЖШС-мен меморандум аясында 2023 жылы 1200 орындық мектеп құрылысы басталды. Сонымен қатар кәсіптік техникалық білім беру бағыты бойынша IT колледжін ашу жоспарланған.

— Өткен жылы мектептерге 13 көлік сатып алынған. Ағымдағы жылы 5 көлік сатып алынады деп жоспарлануда. Семей қаласындағы 500 орындық көпфункционалды орталық құрылысы басталды. Орталық 6 функционалды аймаққа бөлінеді, — деді басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ өңірде 70 мектеп жаңа 86 модификациялық және STEAM кабинеттерімен жабдықталды. 2024 жылы қосымша 49 мектеп 50 жаңа модификация кабинетімен қамтамасыз етілмек. Қалған мектептер IT сыныптарымен, яғни интерактивті тақтан және 2-3 робототехника жиынтығымен жабдықталған.

— 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 11 білім беру мекемесіне 10 мектеп және 1 балабақшаға 1 370,854 млн.теңге бөлінді, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 603,4 млн. теңге 5 жобаға бөлінген. Жоспарланған 10 білім беру мекемесінде 9 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, — деп атап өтті спикер.

Ауылдық жерлерде 50 жаңа модификация кабинетін сатып алуға 500 млн. теңге қаражат бөлу жоспарланған. Сонымен қатар, оқушыларды тасымалдау үшін жалпы сомасы 100 млн. теңгеге 5 көлік құралын сатып алу қарастырылды.

— Өткен жылы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 2 510,4 млн. теңгеге 166 мектепке 378 жоба бөлінді. Бүгінгі күні барлық жөндеу жұмыстары 100% аяқталды, — деді басқармасы басшысының орынбасары.

Облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті жабдықтармен жарақтандыруға өткен жылға 905 млн. теңге бөлініп, биылғы жылға 72 млн теңге қарастырылған. Өңірде 309 мектеп және 49 мемлекеттік балабақша 100% бейнекамералармен жабдықталған.

— Сонымен қатар, балабақшалар 100% дабыл түймелерімен, турникеттермен жабдықталған және лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын интерком жүйесіне көшіру жұмыстары басталды. Облыстың мектептері, сондай — ақ колледждері мен қосымша білім беру ұйымдары да 100% камералармен қамтамасыз етілген, — деді Абай облысы білім басқармасының бас маманы Айдос Социалов .

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

8 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

9 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

9 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

9 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

10 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС