"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«240 сағат ауылда» жобасы: қала мен ауыл жастарын байланыстырады

11.04.2024
«240 сағат ауылда» жобасы: қала мен ауыл жастарын байланыстырады
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

10 сәуір күні Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шығыс Жастары» қоғамдық қоырның атқарушы директоры  Әліби Абдураимовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 2018 жылы құрылған қоғамдық қор үкіметтік емес ұйым ретінде  белсенді жұмыс істеп, мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қомақты үлес қосып келеді.

Баспасөз мәслихаты барысында «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының директоры жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Оның алғашқысы — «Ауыл жастарының әлеуетін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберіндегі «240 сағат ауылда» жобасы. Бұл жоба 2019 жылы пилоттық жоба ретінде Жаңасемей ауданының Көкентау ауылында сәтті жүзеге асқан болатын,- дейді қор директоры.

— Не себепті 240 сағат? Бұл дегеніміз 10 тәулік, яғни 10 күн. Қалада туып, қалада өскен, қалада оқыған, ауылдың иісі мұрнына бармайтын жастарды ауылға апарып, он күн бойы оларға арнайы тапсырмалар береміз. Алғашқы күні қалалықтар ауыл өмірімен танысса, келесі күні екі қолға бір күрек тауып береміз. Жігіттер қой бағып, қой сойып, су тасып, боқ шығарса, қыз балалар үй жинап, от жағып, тамақ пісіріп, сиыр сауып біздің тапсырмаларымызды орындайды. Соңғы күндері қатысушы жастар өздерінің қабілеттерімен бөліседі. Мысалы, ауыл жастарына би билеуді, жоба жасауды, технологияны меңгеруді және басқа да қажетті дүниелерді үйретеді. Осы арқылы біз жастардың бос уақытын тиімді пайдалануларына көмектесеміз. Екіншіден, қала мен ауыл жастары арасына байланыс орнатамыз.

Қоғамдық қор әлеуметтік тапсырыс аясында сондай-ақ облысымызға қарасты барлық ауылдық елді-мекендерге барып, Отбасы банк, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму», кәсіпкерлікті қолдау қоры, Агрокредит корпорациясы, Мансап орталығы және басқа да мекемелердің өкілдерімен бірге жастарға әртүрлі сала бойынша кеңес беруді ұйымдастырмақ.

— «Жастардың волонтерлік бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында Абай облысы волонтерлерінің бірыңғай электрондық базасын қалыптастырмақпыз. Сол арқылы біз волонтерлер қозғалысын тиімді ұйымдастыра аламыз. Шұғыл хабарлау және волонтерлерді жинау үшін ұялы оператор арқылы автоматты SMS-тарату мүмкіндігін қамтамасыз ететін боламыз. Білім, Саулық, Сабақтастық, Таза Әлем, Асыл мұра, Қамқор, Үміт, Аяла волонтерлік бағыттары бойынша еріктілердің бірыңғай тізілімін жүргіземіз.

Абай облысының барлық қалалары мен аудандарында кемінде 1500 волонтердің қатысуымен ағаш отырғызу бойынша акциялар ұйымдастырылады. Облыс волонтерлері туралы материалдарды әлеуметтік желілерде таргеттеуді, сондай-ақ Google.kz сайтында сұрау салу кезінде жоба туралы жаңалықтардың ТОП-10-ға кіруін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Төтенше жағдайлар туындаған кезде қорғану тәсілдері және іс-қимылдар», «Әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» тақырыптары бойынша кемінде 20 оқыту іс-шараларын өткізіп, бірқатар волонтерлерге арналған байқаулар мен акциялар ұйымдастырамыз,- деді Әліби Абдураимов.

«Шығыс Жастары» ҚҚ тарапына қолға алынған тағы бір маңызды

жобалардың бірі – облыстағы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын үйлестіретін Азаматтық ресурстық орталық ашу. Бұл орталықта ҮЕҰ өкілдері бас қосып, тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстарын білдіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін бас қосатын болады.

— Өздеріңіз білесіздер, Абай облысында үкіметтік емес ұйымдар көптеп тіркелген. Оларды бір ортаға шоғырландыратын арнайы орта қажет. Біз сол ортаны құруға дайынбыз. Мемлекеттік тапсырыс аясында осы үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін Азаматтық ресурстық орталық құрамыз. Бұл орталық олардың жұмысын жүйелендіруге айтарлық септігін тигізеді деп ойлаймын,- деді қор директоры.

Қоғамық қор сондай-ақ қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қолдауымен «Бизнес инкубатор» жобасын іске асыруды да қолға алған. Жобаның негізгі мақсаты — жаңа кәсіпорындарды қолдау, инновациялық идеяларды іске асыру және жаңа технологияларды дамытуға жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын құрып,  экономикалық өсімге үлес қосу. Жуырда бұл жоба да іске қосылмақ.

Баспасөз мәслихаты барысында Әліби Абдураимов жобалар туралы БАҚ өкілдерінің қосымша сауалдарына жауап берді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС