"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыста «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

15.04.2024
Облыста «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Өткен сенбіде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысумен Семей орманының 6 гектар аумағына 28 560 түп көшет отырғызылды, сондай-ақ  Шығыс кентінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

 Елімізде 6 сәуірден бастап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.

«Мен әкімдердің бәріне бұл бірреттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек,- деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында сөйлеген сөзінде.

Аталған экологиялық акцияға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қала әкімі Нұрбол Нұрсғаатов, мемлекеттік және жеке меншік мекемелер қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер және оқушылар қатысып, жасыл желек отырғызып, қаламызды көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Облыс әкімі азаматтарды республика көлеміндегі ауқымды акцияға белсене атсалысып, өз үлестерін қосуға шақырды және  «Бейбітшілік» аралығындағы бұрыңғы қалқымалы көпір аумағына барып, жағалаудағы бекіту жұмыстарымен де танысты. Қала әкіміне жағдайды бақылауда ұстап, аралды су басу қаупінің алдын алуды тапсырды.

Биыл жалпы облысымызда 65 000 түп көшет, Семейде қоғамдық орындарда жалпы ауданы 13 500 шаршы метр болатын қосымша гүлзарлар (4 500 шаршы метрге көпжылдық гүлдер, 9 000 шаршы метрге маусымдық гүлдер) отырғызылады.

Бұл күні сондай-ақ қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, мемлекеттік және жеке меншік мекемелер қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер Шығыс кентіне сенбілікке шығып, қыс бойы қар астында жатқан қоқыстарды тазалады.

— Бір күн алдын Шығыс кентін аралап шығып, қоқыс көп жатқан орынды таңдап алдық. Екі айлық  экологиялық акция шеңберінде осындай ең лас орындарды тазалап жатырмыз. Аумақты кент тұрғындарының өздері қоқысқа толтырып жатқан сияқты. Себебі мұнда қалалықтар көп келе бермейді. Бәріміз таза жерде өмір сүргіміз келеді. Сондықтан азаматтардан тазалықты сақтауды, екі айлық акцияға өз үлестерін қосуды сұраймыз,- дейді Семей қалалық мәслихатының депутаты Қанат Шапатов.

Жалпы, бұл күні Семейде республикалық «Таза Қазақстан» акциясына 15 мыңға жуық адам қатысты. Акция әр апта сайын түрлі бағыттарда жалғаса бермек.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

18 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

19 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

22 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС