"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Біз біргеміз!

17.03.2024
Біз біргеміз!
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің тең жартысын тасқын су басып, қаншама елді дүрліктіріп, әбігерге салып жатқаны бәріміздің де қабырғамызды қайыстырды. Апатпен бетпе бет келіп, үй-күйінен, жиған-тергенінен айырылған қам көңіл отандастарымызға жанымыз ауырып, болып жатқан апатты жағдайдан төрт көзі түгел аман есен шығуына тілектес болып жатырмыз.Табиғаттың осындай тосын мінезінен әлемнің көп жерінде табиғи апаттардың жиілеп бара жатқанын да көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына орын алған келеңсіз сәтке орай Үндеу жолдап, ауызбіршілікке шақырды.

«Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі», – деп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өте маңызды мәлімдеме жасады. Бұл да әр азаматтың қоғамдық санасына бір серпін беріп, халықтың жүрегіне сенім ұялатты. Су апатынан зардап шеккен халыққа, елдімекендерді қалпына келтіру жолында мемлекет тарапынан жасалатын қолдау мен көмектің өз деңгейінде болатынына басымдық беріп айтты.

Сонымен қатар, елім деген азаматтар, төтенше жағдай қызметкерлері, қарапайым халық, отандық бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен мектеп, ЖОО-ның басшылары, ұжымдары және алғашқылардың бірі болып бас көтерген студент-жастардан құралған еріктілер алғы шепке шығып, өз туған елінің шын жанашырлары, нағыз патриоттары екенін танытып жатыр. Көрші мемлекет басшылары мен туысқан халықтар да алғашқы көмектерін жіберуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы да мемлекеттік деңгейдегі ұлы істің қолдаушысы болып табылуда.
Осы орайда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетеліктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұжымы да шын көңілдерімен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету ретінде қаражат жинап, қажетті өнімдер мен заттарды, гуманитарлық жүктерді жедел жинап, университет басшылығы ұйымдастырған қабылдау пунктіне жеткізді. Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткеріп жатыр, расында ел басшысы айтқандай «Біздің күшіміз – бірлікте». Дәл осы сәтте бірлігіміз бен елдігімізді көрсететін уақыт келді. Біз зардап шеккен аймақ тұрғындарымен біргеміз және су тасқынының зардаптары тез арада жойылып, адамдар үйлеріне оралады деп сенеміз.

Әл Фараби атындаңы ҚазҰУ.
ЖОО-дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары Р.И Дүйсенбаева, Г.Ә.Машимбаева

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

16 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

16 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

16 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС