"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бишімбаев сотына ресейлік журналист Ксения Собчак ұшып келді

22.04.2024
Бишімбаев сотына ресейлік журналист Ксения Собчак ұшып келді
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Астанада Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы жалғасып жатыр. Түстен кейінгі сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның командасы бұл іс туралы сюжет түсіреді.

Сонымен бірге сот процесіне қатысқан журналистер Собчактың ерекше «артықшылықтарға» ие болғанына кейістік білдіруде.

Қазақстандық медиа қызметкерлері назар аударғандай, Ксения Собчак – сот залында отыруға орындық ұсынылған БАҚ-тың жалғыз өкілі болды. Ал, отандық журналистердің барлығына бірнеше сағат бойы қалшиып, тіктен тік тұруға тура келді, өйткені барлығы отырса, залда орын жетпей қалуы мүмкін көрінеді.

«Ең құрығанда, сот залының бір бұрышында ұйлығып тұруға құқығымыз барын әзер дәлелдеп, соған қол жеткізген күніміз еске түсті. Екінші күні әріптестеріме осы құқығын қорғау үшін тіпті сот әкімшілігіне полиция шақыртуға тура келген болатын. Ал енді, тіпті Қазақстан азаматы болып табылмайтын, яғни сот процесіне еш қатысы жоқ әлдебір адам келді де, оп-оңай орындыққа жайғасып алды. Мен әрине, Собчактың қарапайым адам еместігін түсінемін, бірақ ала қойды бөле қырқу, журналистерге осылай қарау қаншалықты әділетті?», – деп іштегі қыжылын жеткізді журналист Әсем Ғұмарова.

Өзге журналистер әкімшілік қызметкерінің сот отырысына келген Собчактың алдында зыр жүгіріп, арнайы орындық әкеп бергенін байқапты.

Бұл тосын жайтқан Kursiv.media да назар аудартты. Ол сот талқылауына қатысқан қазақстандық тілшілердің Мәскеуден келген қонаққа соттың ерекше қарағанына айран-асыр болғанын жазады. Өйткені қазақстандық журналистерге бірнеше сағат бойы залда тік тұрып тұруға, немесе баспасөз орталығында теледидардан қарауға кетуге тура келді. Тек жалғыз адамға ғана бөле-жара орын сайланды.

«Ксения Собчак Қазақстандағы Бишімбаев ісін қарап жатқан соттың «құрметті қонағына» айналды. Қазақстандық журналистердің атап өтуінше, Собчакпен бірге өзгелердің лифтіге қатар кіруіне тосқауыл қойылған: мәскеулік қонақ кіре сала, сот өкілі кіреберісті жаба қойған. Дәретханаға да Собчакпен бірге басқалардың қоса кіруіне жол берілмеді. Сондай-ақ қазақстандық журналистерге бұл жолы сот дәлізімен тек баспасөз қызметі қызметкерлерінің ере жүрсе ғана қозғалуына рұқсат етілді», – деп хабарлады Kursiv.media.

«Собчак кедергісіз, тып-тыныш өтіп кетуі үшін мені дәлізден қуып шықты. Сот қызметкері оны өз денелерімен жауып, тосқауылдап жүрді», – дейді журналистердің бірі.

«Курсив» тілшісі Адель Жанбированың айтуынша, Собчак келгенге дейін сот ғимаратында «әдеттегі ахуал» үстемдік құрған еді. Алайда ол келгеннен кейін «толқулар» басталған: Собчактың өз өкілдері оған жан жуытпай, барлық жерде жолды тазалаумен болды.

«Отырыста бірінші үзілістен кейін Ксения Собчак келді. Сол-ақ екен, толқу басталды. Оның өкілдері оның жолын тазалаумен болды. Собчактың өзі көзін көзілдірікпен тұмшалап, сазарған бетпен топты жарып алға өтті. Соңғы үзілістен кейін ол жоқ болып кетті. Жұрттың айтуынша, кетіп қалған. Жеке өзім оның отырысқа қатысуынан қандай да бір кедергіге тап болған жоқпын, бірақ әріптестерім солай болғанын айтады», – деді Адель.

Журналист Диана Матвеева аяқтары талған қазақстандық журналистердің еденге жайғасуға мәжбүр болғанын еске салды. Залда бір розетка болды, соның жанында журналистер құрылғыларын қосып, тізе бүгіп отырды.

Ақпарат құралдары өкілдерінің: «Бұл шектеу шаралары РФ президенттігіне экс-кандидат, журналист Ксения Собчактың сапарымен байланысты ма?» деген сұрағына сот өкілі  түсініктеме беруден бас тартыпты.

Өзінен кем санады ма, кім білсін, өз кезегінде Ксения Собчак та қазақстандық әріптестеріне түсініктеме беруден, тіпті жай тілдесуден басын ала қашты. Ресейлік журналист сот залында Бішімбаев ісіндегі зардап шеккен тараптың туысқандарының қасына, адвокаттардың артында жайғасып алды.

Бұл ретте қазақстандық журналистердің көбіне арт жақтағы қалқаның артына ығысып, сол жақтан бақылап, тың тыңдауға тура келді.

Ulysmedia хабарлауынша, Астана сотының баспасөз қызметінің қызметкері сот процесіне қатысу үшін РФ президенттігіне экс-кандидаттың Қазақстанның Жоғарғы сотында «БАҚ өкілі» ретінде аккредиттелгенін растады.

«Ресейлік белгілі журналист Ксения Собчак ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына БАҚ өкілі ретінде аккредиттелген. Мұны Астана қаласының баспасөз қызметі растады: «Ия, ол Жоғарғы сот арқылы аккредитациядан өтті», – деп жауап қатты қалалық сот баспасөз қызметінің қызметкері», – деп мәлім етті Ulysmedia.kz.

Тағы бір тосын жайт сол, Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилердің бет-жүзі бейнеленген фотосуретті «КТК» телеарнасының журналистері жариялап қойып, заң бұзғаннан кейін, 10 сәуірден бері сот залына журналистердің кіруіне тыйым салып тасталған еді. Содан бері қазақстандық медиа өкілдеріне баспасөз орталығындағы теледидардан трансляцияны қарауға тура келген.

Алайда Ксения Собчак Қазақстанға сапарлап, сот отырысына қатысқан күні, 22 сәуірде ол тыйым еш түсіндірусіз жойыла салынды. Тиісінше, БАҚ өкілдеріне залға кіруге қайтадан рұқсат етілді.

Кейбір деректер бойынша ресейлік тележүргізуші Бишімбаевтың ісі туралы арнайы репортаж түсіру үшін арнайы келіпті. Әлеуметтік желіде «Собчактың Бишімбаевтың өзімен сұхбаттасуы ұйымдастырылады екен» деген болжам тарады.

Өйткені Бишімбаевтың ісі тек қазақстандықтарды ғана емес, ресейліктерді де күнделікті қуқы тірліктен алаңдататын өзіндік «телехикаяға» айналды. Ақпарат агенттіктерінде, әлеуметтік желіде жүргізілетін тікелей трансляцияны көршінің тұрғындары да тамашалауда. Өз әйелін өлтіріп алғаны үшін айыпталып жатқан экс-министрді Қазақстанның қалай соттап жатқаны оларға да қызықты.

Артынша ресейлік журналист әйел Бишімбаевтың сотынан көл-көсір әсер алғанын мәлімдеді. Бұл ретте Собчак қазақстандық әріптестері оның сот процесіндегі «ерекше» жағдайын дұрыс түсінбегенін айтты.

Алайда жалғыз өзі ғана жайғасқаны үшін ақталып, не кешірім сұрап жатпады.

«Қазақстандық және ресейлік ақпарат құралдары Қазақстанның экс-министрі Бишімбаевтың үстінен жүріп жатқан соттағы менің «привилегиялы», артықшылықты жағдайым туралы жаза бастады. Менің қорғаушыларға арналған орынға отырғанымды көре қалыпты. Қалған журналистердің бәрі аяғынан тік тұрды дейді. Достар, сізге айтайын, мен бұл тақырыппен бұрыннан айналысудамын: Салтанаттың өлтірілуі туралы алғашқы күннен бері жазып келеміз», –деді Ксения Собчак, Telegram-дағы жазбаларын меңзеп.

Ол өз командасының аталған іс туралы «үлкен хикая» (большая история) түсіріп жатқанын хабарлады. Бірақ оны кім қаржыландырып жатқанын айтпады, тек «тәуелсіз журналист екеніне, бұл іс бойынша ешкіммен байланысты еместігіне» сендіріп бақты.

«Бізді сотқа тараптардың ешқайсысы – айыптаушы тарап та, қорғанушылар да шақырған жоқ. Мен Жоғарғы сот арқылы аккредиттелу рәсімінен өттім. Оның баспасөз хатшысымен менің командам байланыста болды. Бізді залда қайда отырғызса, сол жерге жайғастық. Бүгін шын мәнінде адам сенгісіз, керемет отырыс болды! Алған әсеріміз туралы кейінірек міндетті түрде әңгімелейміз», – деді Ксения Собчак.

Ұқсас жаңалықтар

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

29.10.2026
Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

Семей медицина университетінде өткен «Bir Tolqynda» диалогтік алаңында Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды бастамалар талқыланды. Жастар инфрақұрылымды дамыту, ең төменгі жалақыны...

Толығырақ...Details

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

29.10.2026
Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

Бүгін аймақ башысы Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

48 минут бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

50 минут бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

51 минута бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

53 минуты бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

24 часа бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

24 часа бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

2 дня бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС