"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Чернобыль ардагерлеріне құрмет көрсетілді

26.04.2024
Чернобыль ардагерлеріне құрмет көрсетілді
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Чернобыль оқиғасына – 38 жыл. Осыған орай 26 сәуір күні Достық үйінде Абай облысы ішкі саясат басқармасы басшысы Айдар Садырбаев  Чернобыль ардагерлерімен кездесті.

 

Осыдан 38 жыл бұрын — 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом электр станциясының төртінші блогі жарылып, Украинаның және Ресейдің Брянск пен Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, үлкен экологиялық қатер орын алды.

— Кеңес Одағы тарихында қаралы күн болып қалған бұл оқиға көптеген адамның тағдырын өзгертіп, ұмытылмастай із қалдырды. Мәліметтерге сүйенсек, жарылыс салдарынан болған радиоактивті түтіннен оннан аса мемлекеттің  жері ластанып, 10 миллионға тарта халық зардап шекті. Апатты залалсыздандыруға жүз мыңдаған сарбаз аттанып, Отан алдындағы борыштарын атқарды. Оның ішінде Қазақстан азаматтары да болды. Атом электр станциясы сепкен ажал уыты  мыңдаған сарбаздың өмірін жалмады. Жарылыс салдары қоршаған ортаға, тұрғындар мен құтқарушылардың денсаулығына орасан зиян тигізді. Біз бүгінгі жас ұрпақ  Сіздердің ерліктеріңіздің алдында бас иеміз. Сіздер нағыз жүрек жұтқан батырсыздар,- деді Айдар Садырбаев.

Чернобыль апатын залалсыздандыруға 1986-1992 жылдарда 600 мыңнан астам адам қатысқан екен. Олардың ішінде ресми тізімде 31 743 қазақстандық тіркелген.

Отырыс барысында сондай-ақ Чернобыль апатының ардагері, «Чернобыль»  одағының республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вениамин Следников, «Чернобыль мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Советқазы Қайсанов,  «Чернобыль»  апатының ардагері, Үйлестіру кеңесінің мүшесі Қуаныш Жанубеков сөз сөйлеп, өткен күндердің естелігімен бөлісті.

Отырыс соңында Чернобыль ардагерлері — Вениамин Следников, Советқазы Қайсанов, Қуаныш Жанубеков, Александр Гайдук, Дәулетқазы Балғабаев, Серікхан Төгісов, Сабырқан Жұртбаев, Амангелді Асылханов, Қали Бейсембинов, Бейсенғазы Тлеуов, Халел Тохтыхаджиев, Жұмағазы Рызуанов, Рысқали Мұхаметжанов алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

4 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

4 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

7 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

8 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

8 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

9 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

9 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

9 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

9 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС