"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ұшар алдында есірткі қолданған»: Алматыда AirAstana ұшқышы ұсталды

26.04.2024
«Ұшар алдында есірткі қолданған»: Алматыда AirAstana ұшқышы ұсталды
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Әнуарбеков тәртіп сақшыларына 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын ер адам төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.

23 сәуір күні кешке Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерді жөнелту аймағында полиция Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып, сақтаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қамауға алу кезінде екінші ұшқыш есірткіге мас күйінде болған. Ол мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшып бармақ болған.

Жеке тінту кезінде одан заңсыз ешнәрсе табылмады. Алайда медициналық тексеру психостимуляторларды қолданудан туындаған есірткілік интоксикацияны көрсетті (мефедрон метаболиттері анықталды).

Ұшқыштың тұрғылықты жерінен есірткі қылмысымен күресушілер пластик құбыр тәркіледі. Олар одан ұнтақты шөгінділерді тапты.

Әнуарбеков тәртіп сақшыларына 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын ер адам төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.

Тергеушілердің айтуынша, Әнуарбеков тауарларды интернет-дүкендер арқылы алып, есірткі жасыратын орындарды іздеген.

Іс Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тергелуде. Ұшқыш 160 АЕК (590 720 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Ал «AirAstana» әуе компаниясы Stan.kz тілшісіне аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

“2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшқан әуе компаниясының ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Әуе компаниясы қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануынақарсы. Өйткені қауіпсіздік — біздің басты міндетіміз. Әуе компаниясы экипаж мүшелерінің қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді”, – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Еске салайық, дәл осындай оқиға 2016 жылы да болған еді. Алматыда полиция қызметкерлері рейд жүргізіп «AirAstana» ұшағының 39 жастағы командирі Роман Быковты ұстаған болатын. Ер адам есірткіні үш жылдан бері қолданатынын мойындаған. Ұстау кезінде сараптама қорытындысы бойынша ұшқыштың пальтосының қалтасынан және денесінен марихуана табылған. Быков есірткіні Мәскеуден ұшу қарсаңында қолданған.

2024 жылдың ақпан айындағы деректер бойынша Қазақстан есірткіні қолдану бойынша ТОП-10 елдің қатарына кіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС