"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЕЛІМ-АЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ ҮШІН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕНДІ

02.05.2024
«ЕЛІМ-АЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ ҮШІН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕНДІ
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басында Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде «Abay it-Valley» технологиялық кластерінің негізін қалаушы Асхат Бейсембаевтың қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз мәжілісі барысында Асхат Бейсембаев «Abay it-Valley» технологиялық кластерінің студенттері ойлап тапқан «Digital Elimai» мобильді қосымшасы туралы баяндады. Спикер атап өткендей, мобильді қосымша “Елімай” футбол клубының жанкүйерлері үшін әзірленген.

— Бүгін сіздерге «Abay it-Valley»-дің резиденттері әзірлеген мобильді қосымшаны таныстырмақпыз. Қосымша “Елімай” футбол клубының жанкүйерлері үшін арнайы әзірленген және QR-код арқылы жұмыс істейді. Қолданылуы өте қарапайым — Play Market-тен  қосымшаны жүктеп, оған тіркелесіз және “Елімай” футбол клубының матчтарын көру үшін “Спартак” стадионына  барасыз. Матч басталғанға дейін, үзілісте және соңғы ысқырықтан кейін таблода QR код көрсетіледі. Оны қосымшаның көмегімен сканерлеу керек. Осылайша, жанкүйерлер белгілі бір ұпайларға ие болады. Футбол матчтарынан қалмай келген жанкүйерлер маусымның соңында белгілі бір шекті ұпайды жинайды және «Елімай» футбол клубы әзірлеген жүлделер ұтысына қатыса алады, — деді Асхат Бейсембаев.

Асхат Бейсембаев қосымшаны әзірлеуге мемлекеттік бюджеттен немесе демеушілер есебінен қаражат жұмсалмағанын да атап өтті. Қосымшаны  Alikhan Bokeikhan University студенттері тегін әзірлеген. Әзірлеушілер тобын «Abay it-Valley» технологиялық кластерінің резиденті Арыстан Қанафин басқарған.

— Мен Samsung Еducation Сampus-тің  түлегімін. Жобадан алған білімді тәжірибеде қолдана алғаныма қуаныштымын. Бұл менің саладағы алғашқы тәжірибем. Қазақстанның спорт клубтарында мұндай қосымшаның тікелей аналогы әлі жоқ. Айта кетерлігі, мен бұл қосымшаны жалғыз әзірлеген жоқпын. Команда мүшесі Айдос Имантаев «Елімай» футбол клубының матчтары туралы мәліметтерді өзектендіруге көмектессе, Ілтипат Жорабек сөз тіркестерін орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Ал мен кодтарды жазуға және қосымшаның дизайнына жауап бердім. 28 сәуір күні Елімай мен Ордабасы арасындағы футбол матчы кезінде қосымшаны тестілеуден өткіздік. 110 қолданушы тіркелді. Қателіктерді түзетіп, қосымшаны жаңарттық,- дейді Арыстан Қанафин.

Баспасөз мәжілісі барысында Арыстан Қанафин медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған тағы бір қосымша әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

— Бұл қосымша партограмма сияқты құжаттарды толтыруға көмектеседі. Партограмма — бұл ДДҰ ұсынған өте маңызды құжат және ол әйелдер толғатып ауруханаға түскен кезде толтырылады. Қосымша босанған әйелге сауатты медициналық көмек көрсетуге арналған. Бұл қосымшаны да біздің студенттер тегін әзірледі. Идея авторы – Семей медицина университетінің студенттері,- деді Асхат Бейсембаев.

Айта кетейік, «Abay it-Valley» технологиялық кластерінде 2022 жылдан осы күнге дейін 400-ден астам студент білім алды. 30-дан астам курс пен 70-тен астам іс-шара ұйымдастырылды.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 часа бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС