"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ ӘУЕ БАЗАСЫНА 80 ЖЫЛ

30.05.2024
СЕМЕЙ ӘУЕ БАЗАСЫНА 80 ЖЫЛ
48
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей әуе базасына 80 жыл. Бүгінгі таңда әуе базасы әуе күштеріндегі үздік әскери бөлімдердің бірі болып саналады және еліміздің әуе кеңістігін күзету мен қорғауда жауынгерлік міндеттерді орындайды.

Семей қаласында орналасқан 54835 әскери бөлімі 80 жылдығын атап өтті. Абай театрында өткен салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Руслан Қоңыров, Қарулы Күштердің ардагері запастағы авияция генерал — майоры Жиентай Сандыбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев, Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қатысты.

Салтанатты жиында алғаш болып сөз алған Әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Руслан Қоңыров әскери бөлімді мерейтоймен құттықтап, төтенше жағдай кезінде көмекке ұшқан ұшқыш аға лейтенант Серік Нұрсейтке Қорғаныс министрінің бұйрығымен уақытынан бұрын «капитан» шенін табыстады.

Келесіде сөз алған Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары — бас басқарма бастығы полковник Талғат Сыздықов бас қолбасшының атынан жеке құрамға жылы лебізін жеткізіп, әскери бөлім командиріне құттықтау хат пен арнайы сыйлықтарын табыстады.

Бұдан кейін 1993 — 1995 жылдары әскери бөлім командирі болған Қарулы Күштердің ардагері запастағы авияция генерал — майоры Жиентай Сандыбаев әскери бөлімдегі кездері жайлы қысқаша сөз қозғап, жас буынға сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.

Салтанатты шараға сондай-ақ Абай өңірлік гарнизонының әскери бөлім командирлері, мемлекеттік мекеме өкілдері және «Жасұлан» мектебінің оқушылары мен «Жас сарбаз» патриоттық қозғалысының мүшелері қатысты.

Айта кетейік, мерекелік кеш басталмас бұрын жинылған қауым әскери бөлімде қызмет ету барысында қаза болғандармен батыр бабаларымызға арнап «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара Гарнизондық офицерлер үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ әскери бөлім сонау 1944 жылы Моңғолия Халық Республикасының Ундерхан қаласында құрылады. Ол кезде әскери бөлім кеңес-жапон соғысына қатысқан жойғыш авиациялық полк болған.  Соғыстың екі жылында барлау, шабуылдау, патрульдеу және жауға қарсы әуе мен жерде әскери қимылдарға қатысқан. Барлығы 116 рет ұшақтар әуеге көтерілген. Нәтижесінде полк ұшқыштары жау ұшақтарын, сондай-ақ ондаған паровоз, вагон, қоймалар мен ангарларды жойды. 1960 жылы 22 мамырда әскери құралым Жаңа Семей әуеайлағына көшіріліп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс міндеттерін орындады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының ӘӘК құрамына кірді.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

10 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

10 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

10 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

10 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС