"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты департаментке 300 өтініш түскен

11.06.2024
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты департаментке 300 өтініш түскен
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тұтынушылар шағымдарында талап еткен қаржы көлемі 12,0 млн тенге шамасында болса, оның 10 815 060 млн. қайтарылған. Ең көп шағым-арыздар жеке сауда жасауға байланысты түскен. Атап айтқанда Абай облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне түскен шағым саны — 138. Осы өтініштер бойынша тұтынушыларға 6,9 млн теңге қайтарылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ербол Қуанышев айтты.

— Тұрғындар тарапынан көбінде тауарды кері қайтарып алмау, сапасыз тауарларға қатысты болады. Сонымен қатар, тұрмыстық қызметтерге қатысты – жиһаз жасау, жөндеу, есік, терезелерді жасауға қатысты. Соңғы кездері интернет саудаға қатысты шағымдардың саны артуда, — деді спикер.

Сонымен қатар, республикада «Сапалы өнім» жобасы іске асырылуда, оның аясында түрлі тауарларға зерттеулер жүргізілуде.

— Бес ай ішінде республика бойынша бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша өнімнің 436 түрі зерттелді. Оның ішінде 154 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтерді бұзушылықтар анықталды, олардың ішінде ТҚҚК жәрдемдесуімен – 40 түрі.Атап айтқанда, біз өнімнің санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі (мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, май — қышқыл құрамының сәйкес келмеуі, бактериялардың табылуы) сияқты бұзушылықтар туралы айтып отырмыз.Сондай-ақ, тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 12 декларацияның күші жойылды. Қазіргі уақытта тұтынушылардың, ішкі нарықтың және отандық өндірушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді, — деп толықтырды Ербол Қуанышев.

Облыста азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді. 2024 жылы 44 отырыс өткізілген, сондай-ақ, облыста ӘМАТ бағасын ұстап тұру үшін «үй жанындағы» дүкендерден базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ жұмыс істейді.

— Биыл бес ай ішінде 57 кәсіпкерлік субъектісінің қарым-қатынасында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, қорытындысы бойынша 56 кәсіпкер Ішкі сауда саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп қорытындылады Ербол Қуанышев.

«Қорғаушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалдыгүл Хасенқызы Раймбекова атап өткендей, тұтынушылар тауарлар мен қызмет көрсету сапасына шағымдарды қолма-қол ғана емес, сонымен қатар ҚР ИІММ тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің telegram-боты арқылы жібере алады.

—Орталықтандырылған электрондық шағым кітабының аналогы болып табылатын «Е-тұт» тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ақпараттық жүйесі бар. Мұнда кез-келген азамат «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге шағымдана алады. Екі тарап та тұтынушылардың шағымдарын қараудың барлық процестерін еш қиындықсыз бақылай алады. Егер сатушы сатып алушылардың шағымдарын қарау мерзімін бұзса, онда бұл туралы ақпарат мемлекеттік органға жіберілуі мүмкін, — деп атап өтті Қалдығүл Раймбекова.

Тұтынушылар өз шағымдарын мына мекен-жайға жібере алады: Семей қаласы, Абай көшесі, 99 немесе Семей қаласы, Чехов көшесі, 35, «Нұр» СҮ, 2 қабат, 10 кабинет мекенжайы бойынша «Қорғаушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамына жүгінуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

15 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

15 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

15 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

15 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

16 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

17 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС