"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ШҮЛБІ АУЫЛЫНДА БЛОК-МОДУЛЬДІ ҚАЗАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

01.07.2024
ЖАҢА ШҮЛБІ АУЫЛЫНДА БЛОК-МОДУЛЬДІ ҚАЗАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өткен апта соңында Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар  аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құрылыс жұмыстарының қарқынымен, ауылшаруашылығы саласының бүгінгі аяқалысымен танысты.

 Петропавл ауылында Ақмола облысындағы Родина ауылының тәжірибесіне сүйене отырып майлы дақылдар өсіру жоспарлануда. Жобаны іске асырумен «Труд» ШҚ айналысады.

Бүгінде майлы дақылдар күнбағыс дәндері сияқты өнімдерді өндіру жоғары сұранысқа ие. Дәнді дақылдар ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарға азық ретінде пайдаланылатындықтан, осы салаларды дамыту маңызды. Биыл шаруа қожалықтары күнбағыс алқаптарын 2 500 гектарға дейін ұлғайтқан.

Аймақ басшысы сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен, Мемлекет басшысының бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралармен танысты. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің мердігері —  «СМУ Шығыс» ЖШС. Жұмыстарды 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

Сапар барысында басқарма басшыларына, Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевқа, мердігер ұйымдарға нысандардың құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау мен жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының тұрғындарымен де кездесті.

— Өткен жылғы кездесулердің нәтижесінде көптеген өзекті мәселелер шешілді. Біз биылға және алдағы бес жылға арналған барлық жоспарды сәтті жүзеге асырудамыз. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Облысымыздың даму бағытын айқындайтын Кешенді даму жоспарына сай жұмыстарды жалғастыра береміз, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Бородулиха ауданы мыс, мырыш, алтын және күміс секілді минералды-шикізат ресурстарына бай. Өнеркәсіп секторын дамыту шеңберінде 2028 жылға дейін облыста 7 мың жұмыс орнын құру, 2 трлн теңге сомасына 22 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Қазірдің өзінде 5 инвестициялық жоба іске асырылып, 1040 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 17,2 млрд теңгеге тағы 7 жобаны іске қосу арқылы 385 жұмыс орнын құру көзделген.

— Бородулиха ауданы – облысымыздың маңызды ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі. Мұнда орман алқаптары бар. Өткен жылы бәріміз қиын кезеңді бастан өткеріп, табиғи апатқа қарсы күрестік. Ауданның барлық тұрғындарына белсенділігі мен азаматтық ұстанымы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында қарағайлы орманына жас көшеттер отырғызып жатырмыз. Бұл бір реттік науқан емес, дәстүрге айналуы керек, — деді әкім.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі факторларының бірі  – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік инфрақұрылымын дамыту. Желілердің тозуын төмендету мақсатында 41,2 шақырым су құбыры желілері қайта жаңартылды, бұл желілердің  тозу көрсеткішін 51 пайыздан 49,6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.  20 елді мекенде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 102 жоба іске асырылмақ. Оның ішіне Жаңа Шүлбі ауылында блок-модульді қазандықтың және 1,1 шақырым жылу желісінің құрылысы, сондай-ақ ауданның үш ауылында көше жарығын орнату жұмыстары кіреді.

Кездесу соңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті. Әкімнің жеке қабылдауында болған әр азаматқа толыққанды жауап беріліп, басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

20 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

21 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

21 час бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

21 час бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

22 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

22 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС