"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА

05.07.2024
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Абай өңіріне жұмыс сапарымен келді.

Нұрлан Мәжитұлы Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясаларының жұмыс барысымен танысып, Жарма және Бесқарағай аудандарында жас сайлаушылармен кездесу өткізді. Жиын барысында Нұрлан Мәжитұлы комиссияны одан әрі дамытудың стратегиялық перспективаларына және оның пайым, миссия, құндылықтар, қағидаттар, мақсаттар, басымдықтар сияқты элементтерін айқындауға баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Жиын барысында ОСК төрағасы сайлау комиссиясының басты мақсаты азаматтардың еркін сайлау арқылы мемлекетті басқаруға қатысуына жәрдемдесу екенін атап өтті.

Сонымен қатар Үндістан, Венгрия, Оңтүстік Корея мемлекеттеріне арнайы жұмыс сапарымен барып, сол елдердегі сайлаудың ұйымдастырылуы, сайлау органдары мен комиссияларының жұмыстары туралы іс–тәжірибе жинақтау мақсатында Орталық сайлау комиссиясында атқарылып жатқан ауқымды істер жөнінде айтып өтті. Кездесу барысында қатысушылар өзекті электораттық мәселелер бойынша онлайн-сауалнама сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар президенттікке кандидаттың міндетті түрде мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы, мүгедектігі бар азаматтың мемлекет басшысы лауазымына сайлануына көзқарасыңыз, сот қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беру құқығы жөніндегі сауалдарға пікірлерін білдірді.

Респонденттердің сайлау учаскелерінде толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфи) тыйым салуды жақтау немесе жақтамау, интернет-дауыс беру немесе дәстүрлі дауыс берудің қайсысы оң деген сынды бірқатар сауалдарға жастар өздерінің жауаптарын беріп, қорытындысын бірден пайыздық көрсеткішпен шығарды.

Жиын соңында Достық үйінің, қалалық ішкі саясат бөлімінің, жастар орталығының мамандары, студенттер, жеке кәсіппен айналысатын жастар Орталық сайлау комиссиясының төрағасына өздерінің сауалдарын жолдап, ашық пікір алмасты. Нұрлан Мәжитұлы ойларын ортаға салып, үздік сауалдарын жолдаған жастарға Қазақстан Республикасы Орталық сайла

у комиссиясының бастамасымен жарық көрген «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін трансформациялау» монографиясын, сондай-ақ 2012-2023 жылдар аралығында өткізілген сайлау және референдумдар туралы ақпараттық жинақты табыс етті.

Жиын соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне және байқаушылардың жұмысы үшін жан-жақты жағдайлар жасалу керектігін баса атап өтті.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

14 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

14 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

15 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

15 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

16 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

16 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС