"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Денесін мәйітханаға өткізіп жіберген»: Алматыда артық майдан арылғысы келген әйел отадан кейін жан тапсырды

Алматыда артық салмақтан арылу үшін липосакция жасатқан 47 жастағы әйел көз жұмды. Хирургиялық операциядан кейін Құралай Батырханованың жағдайы нашарлап, жекеменшік клиникада жан тапсырған. Марқұмның жақындары болған іске дәрігерлерді кінәлап отыр. Сөздерінше, медициналық мекемедегілер отаның соңы өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертпеген. 

11.07.2024
Денесін мәйітханаға өткізіп жіберген»: Алматыда артық майдан арылғысы келген әйел отадан кейін жан тапсырды
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

47 жастағы Құралай Батырханованың туыстарының айтуынша, марқұм әрдайым көңілді, ашық-жарқын мінезді болған. Ауру-сырқауды білмеген. Тек артық салмақтан арылып, салауатты өмір салтын ұстанғысы келіпті. Осылайша Алматыдағы атағы жер жаратын жекеменшік клиникаға жүгініп, ота арқылы денесіндегі майды алдыруды жөн санапты. Бұл үшін 2 миллион теңге де төлеп, 5 шілдеде ота жасатуға кеткен екен.

“Туған күніме жаңа Құралай болып келемін” деп, қуанып отаға кеткен еді. Мұғалім ғой, “27 шілдеде жұмысқа шығамын, отадан кейін 10-15 күн күтінемін” деп ойлады. Бір күмән болған жоқ, дәрігерге де күмәнданбадық. Клиника клиенттерінің пікірін қарасақ, Алматы бойынша «нөмірі бірінші» орталық екен”, – деді марқұмның сіңілісі Сәулет Батырхан.

Әйел сол күні отадан кейін көз жұмған екен. 8 шілдеде туған күнін атап өткісі келген марқұм қуанышына бір тәулік жетпей жер қойнына тапсырылды. Артында 3 баласы қалды.

Қара жамылған отбасы жекеменшік клиника ота жайында толық мәлімет бермеді, отадан кейін дұрыс күтім жасамады деп шағымдануда. Науқастың көз жұмғаны да бірден хабарланбады дейді.

“Адамның миын улау ғой бұл. Неге олар “мұндай жағдай болады, өліп қалуыңыз мүмкін» деп айтпайды?! Ең болмағанда 90 пайыздың 2 пайызында осындай жағдай ықтимал деп ескертпеген. Барлығына 100 пайыз сенімді болған. «Сізді операциядан кейін сағат 2-де жолдасыңыз алып кетеді» деген. Біз солай сендіргеннен кейін не ойлаймыз? Жеңіл ота деп ойладық. Расында ондай емес!” – деді марқұмның сіңілісі Гүлнәр Батырхан.

Құралай Батырханның туыстары жекеменшік клиника қызметкерлерінің марқұмның денесін ескертусіз мәйітханаға салып жібергеніне наразы. Ал басы дауға қалған мекеменің бас дәрігері сүйекті мәйітханаға алып кеткенінен хабарсыз екенін айтты. Сондай-ақ өлімнің нақты себебі анықталмайынша оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты.

“Моральдық жауапкершілік менің мойнымда. Өйткені отаны жасаған да, сенім ұялатқан да мен. Өкінішке қарай үмітті ақтамадым. Бұл жағдай маған да ауыр. Бұған дейін бізде адам өлімі болмаған. Науқасқа іш майын алып тастау отасы жасалған еді. Мен басымды алып қашпаймын. Өлімнің нақты себебі анықталсын. Әзірге бар айтарым осы”, – деді «AMIRA» Пластикалық хирургия және косметология клиникасының бас дәрігері Данияр Урмузин.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Процессуалдық шешім өлімнің себеп-салдарын анықтау мақсатында тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанда ғана белгілі болады. Марқұмның туыстары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС