"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

QAZAQ MARATHON ABAY: Қазақстан өңірлеріндегі жүгіру жарыстары енді Семейде

15.07.2024
QAZAQ MARATHON ABAY: Қазақстан өңірлеріндегі жүгіру жарыстары енді Семейде

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының Семей қаласында спортсүйер қауымға арналған жарыс өтеді. Семейдегі жүгіру жарысы QAZAQ MARATHON ұйымдастырған жарыс сериясының екіншісі болмақ. Шараға кәсіби спортшылар да, жүгіруге жаңадан келгендер де қатыса алады.

Семейдегі жарыс сөресі қала орталығындағы Абай алаңында болады. Қатысушылар Семей қаласының көрікті жерлерімен өтеді. Жарыстан кейін үлкен шоу-бағдарлама болады.

Жүгіру қашықтықтары:

  • 21 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);
  • 10 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);
  • 5 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);
  • 10 км скандинавиялық жүріс;
  • 2 км (балалар қашықтығы/ 8-14 жас аралығы).

10 км қашықтықты жүгіріп те, арнайы таяқшамен скандинавиялық жүріспен де өтуге болады.

Қатысу үшін qazaqmarathon.kz сайтында тіркеліп, сөре жарнасын төлеу керек. Сөрелік нөмір жарысқа тіркелген барлық спортшыға беріледі, онсыз қатысуға тыйым салынады.

Барлық жүгіру қашықтықтарындағы жалпы жүлде қоры – 5,4 миллион теңге. Ең жылдам желаяқтар грамота ғана емес, сонымен қатар ақшалай сертификат алады.

Семейдегі жүгіру жарысы Qazaq Marathon 2024 сериясындағы екінші шара болмақ. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін еліміздің түрлі өңірінде 5 жүгіру іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

«Qazaq Marathon жобасы өңірлік орталықтарды бір «ту» астында біріктіретін бірінші жоба болмақ. Біздің жоспарымыз — спортқа көбірек адамдарды тарту. Егер бұрын өңірлердегі  жүгірушілер сапалы және ірі старттарға қатысу үшін Алматыға, Астанаға және Шымкентке келетін болса, қазір біз өңірлерге өзіміз барып, тұрғындарға үлкен спорт мерекесін сыйлаймыз». Qazaq Marathon жобасының авторы Азамат Ердесов

Іс-шара өткізілгеннен кейін ұйымдастырушылар старт өткен әр қалада жүгіру мектебін ашуды жоспарлап отыр.

«Біздің жарыстарымыз мәре лентасынан кейін аяқталмайтынын айтқым келеді. Жарыс өтетін әр қалада біз жүгіру клубының кәсіби жаттықтырушысын қалдырамыз. Ол жерде балалар тегін жаттығу жасай алатын болады. Уақыт өте келе ересектер де жүгіруді үйрене алады. Қазір жүгіруді енді ғана бастап жүрген адамдардың арасында нағыз «гауһар тастың» бар екеніне, және болашақта ол адам елдің нағыз байлығына, мақтанышына айналатынына сенеміз». Qazaq Marathon жобасының ұйымдастырушысы және авторы Жанибек Саурбек

Сондай-ақ қатысушылар сөре жарнасы үшін төлейтін қаражаттың бір бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың қатысуына жұмсалады. Әр қатысушы спорттық жейде мен тақия және сөре жинағында болатын түрлі кәдесыйға ие болады. Ал мәреге келген әрбір спортшы медаль тағынады.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

11 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

12 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

15 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

15 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

15 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС