"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аймақ басшысы тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерін марапаттады

20.07.2024
Аймақ басшысы тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерін марапаттады
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аймақ басшысы тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерін марапаттады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-де болып, металлургтер күніне орай қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады.

Іс-шара барысында Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының карьер бастығы Асхат Жақияновқа «Құрмет» ордені, байыту фабрикасының ірілеп ұсақтау корпусы конвейерінің машинисі Ержан Қадырханов пен сүзу және кептіру бөлімі орау бөлімшесінің операторы Берік Құнанбаевқа II дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны автокөлік цехының қосалқы техника учаскесінің жүргізушісі Андрей Ивановқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомстволық наградасымен, III дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен кәсіпорынның келесі қызметкерлері марапатталды:

1. Гүлзада Жүнісбекқызы Кушелекова – сынама-талдау зертханасының химиялық талдау зертханашысы;
2. Ербол Берікболұлы Балтабеков – байыту фабрикасының сүзу-кептіру бөлімшесінің кептірушісі;
3. Ержан Қанашұлы Қадырханов – байыту фабрикасының ірілеп ұсақтау корпусы конвейерінің машинисі;
4. Евгений Владимирович Шнайдер – ашық тау-кен жұмыстары учаскесінің ЭКГ15 экскаваторының машинисі;
5. Сұлтан Берікболұлы Адуев – автокөлік цехының қосалқы техника учаскесінің жүк көтергіш жүргізушісі;
6. Иван Валентинович Третьяков – кен учаскесінің Komatsu автокөлігінің жүргізушісі;
7.  Дильнара Қизатқызы Макенова – техникалық бақылау бөлімінің бастығы;
8. Андрей Александрович Савтенко – ашық тау-кен жұмыстары учаскесінің тау-кен шебері.

Шара барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев металлургтердің өңір мен елдің дамуына қосқан үлестерінің маңызын атап өтіп, олардың жұмысқа деген адалдықтары мен жетістіктері үшін алғысын білдірді.

«Металлургия – экономиканың базалық саласы, даму қарқыны. Облыста 470-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Соның ішінде облыстағы тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Бақыршық тау-кен өндіру» ЖШС-ін атап өткен жөн. Кәсіпорын өндірісті өркендетумен ғана емес, ауыл, аудан, облыс орталығының инфрақұрылымын жақсартуда жұмыстар атқаруымен үлгі көрсетіп келеді. Кәсіпорын күшімен Әуезов кентінде мәдениет үйі, ауыл тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету үшін жеке қазандық, жаңа электр стансасы салынып, электр желілері жаңартылды. Жолды күтіп ұстауға қаржы бөледі. Сондай-ақ, компания Семей қаласының көшелерін абаттандыру мен «Бейбітшілік» аралындағы балалар теміржолын қайта іске қосуға белсенді атсалысуда», — деді облыс әкімі.

Шара отандық эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

«Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлауға, пайдалануға және игеруге, бағалы металл кендерін өндіруге, сондай-ақ оларды өңдеуге, байытуға, сақтауға, тасымалдауға және алтын концентратын өндіруге маманданған. 2030 жылға дейін компания кенді ашық әдіспен өндіруді, кейіннен жерасты өндіруге көшуді жоспарлап отыр. Кенді өңдеу флотациялық байыту әдісімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты зауыттың жылдық өндірістік қуаты 2,4 млн тонна кенді құрайды. Кен өндіру және өңдеу көлемін жылына 2,6 млн тоннаға дейін ұлғайту және кен орнын жерасты өндіру жобасын әзірлеу жоспарда бар. Кәсіпорын жылына 10 тоннадан астам концентратты алтын өндіреді.

Facebook | Instagram | gov.kz

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС