"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңының жаңа нормалары бойынша ақпарат

20.07.2024
“Ауру” баласына ем үшін 1.7 миллиард теңге жинаған
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңының жаңа нормалары бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

2024 жылғы 19 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Көрсетілген Заң «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) түзетулер енгізуді көздейді.

Түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін:

1. соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде

— міндеттемелер бойынша 1 айлық есептік көрсеткіштен кем төлемді қарыз бойынша өтеудің болмау мерзімін санаған кезде есептемейді;

— коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі құқық (талап ету) берілгенге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі;

— 12 айдан артық төлемдер болмаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелерді реттеу бойынша шаралар қабылданғанын растау талап етілмейді.

Бұдан басқа, жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (несиелік) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша рәсімді қолдануға болады. Яғни егер ұйымның тиісті шарттар бойынша талап ету құқықтары болса, оның мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату үстінде, тізілімнен шығарылған) және нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімі туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

2. төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде

— мерзімі өткен міндеттемелері болмаған және тұрақты кірісі болып, бірақ мүлкі болмаған жағдайда қолданады;

— төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкер елден тыс шыға алады.

3. қаржы басқарушысы

— кредиторлар өз талаптарын мәлімдемеген жағдайда, борышкер ұсынған деректерден кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыра алады;

— сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін өзінің сыйақысын төлеуді талап ете алады (қаржы басқарушысының сыйақысының төленбеген бөлігі тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелердің тізбесіне енгізілген).

4. уәкiлеттi орган қаржы басқарушысы борышкерге/оның кредиторларына талаптары немесе міндеттемелері болғандықтан немесе егер ол борышкердің/кредитордың жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы болғандықтан өз өкілеттіктерін жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда оны шеттете алады.

Сондай-ақ бірқатар нақтылайтын түзетулер қарастырылған. Атап айтсақ, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген кезде, кредитор және қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсетпейді, сондай-ақ өтінішке құжаттарды қоса беруге міндетті емес. Бұл ретте тиісті рәсімді қолдану үшін жұбайының келісімі қажет.

Түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді.

Департаменттерге ағымдағы жылдың аяғына дейін тұрақты негізде Заңның жаңа нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылады. Атқарылған жұмыс бойынша ақпаратты Комитетке ай сайын, ұсыну керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

9 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

9 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

10 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

10 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

11 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС