"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Qazaq Marathon Abay»: Семейде ауқымды марафон өтті

22.07.2024
«Qazaq Marathon Abay»: Семейде ауқымды марафон өтті
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 шілде күні Семейдегі Абай алаңында «Qazaq Marathon Abay» марафоны өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші мемлекеттерден келген 1000-нан астам желаяқ қатысты.

 «Qazaq Marathon» — спорт сүйер қауым үшін еліміздің барлық өңірлерінде кезекпен ұйымдастырылып келеді. Осылайша, өткен сенбіде Семей қаласына да келіп жетті. Жарыс қатысушылардың физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес, 21, 10, 5 және 2 шақырым (балаларға арналған) қашықтық бойынша өтті.  Марафонға кәсіби спортшылармен қатар, әуесқойлар да қатысты. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінен де келді.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 5,4 млн теңгені құрады.

Әр облыстағы марафонның сол өңірге сәйкес ерекшелігі болады. Абай облысында өткен марафонның ерекшелігі – тақия болды. Сондай-ақ футболкаларға Абайдың «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңінің шумақтары жазылды.

Алдымен әрбір қашықтықта жүгірушілер үшін сергіту жаттығулары ұйымдастырылып, содан кейін ғана жарыстар басталды.

— Мен осы марафонға қатысу үшін Астана қаласынан арнайы келдім. Астана қаласында өтетін марафондарға тұрақты қатысып отырамын. Өзім елордада мектеп мұғалімімін. Таңда ерте тұрып, жүгіремін. Салауатты өмір салтын ұстанамын. Әрдайым сергек болып жүру үшін спортты жұмыспен қатар алып жүремін. Бүгінгі марафонға қатысушылардың барлығына ризамын. Жалпы, Семей тарихи қала екен, маған ұнады.  Өткен ғасырда салынған үйлер мен ғимараттарды көптеп кездестіруге болады. Сөзімнің соңында баршаларыңызды спортпен айналысуға шақырамын. Спорт адамға мықты энергия және көтеріңкі көңіл күй сыйлайды,- дейді марафон қатысушысы Меруерт Жәнібекқызы.

Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін еліміздің басқа өңірлерінде осындай бес іс-шара ұйымдастыруды және әр жарысты өткізгеннен кейін сол қалада кәсіби жаттықтырушылар жұмыс істейтін жүгіру мектептерін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мектептерде балалар тегін оқитын болады, уақыт өте келе ересектер де қамтылады.

– Мақсатымыз – халықты барынша спортқа тарту. Бұған дейін облыс спортшылары мұндай марафондарға қатысу үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларына келетін. Енді облыс тұрғындарын да қуантқымыз келді. Бүгінгі Семей қаласында өтке марафонға 1000-ға жуық адам қатысты. Барлық финишерлер бастапқы нөмірді, футболка мен тақияны сыйлық ретінде алды,- деді «Qazaq Marathon» жобасының авторы Азамат Ердесов.

Марафон соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ, 21 шақырымдық абсолютті  чемпиондар 300 мың, 250 мың және 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды. Сондай-ақ әрбір қашықтықта жүгірушілердің жас санаттары бойынша жеңімпаздар жеке анықталып, олар 50 мың, 40 мың және 30 мың теңгеге ие болды.

Марафонға қатысушылар мен көрермендер көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Қазіргі уақытта «QAZAQ MARATHON TALDYQORGAN»-ға тіркеу ашылғанын айта кеткен жөн.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС