"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Марафоншы Сәрсенбай Қотырашов Қазақстаннан Қытайға жаяу саяхатқа аттанады

31.07.2024
Марафоншы Сәрсенбай Қотырашов Қазақстаннан Қытайға жаяу саяхатқа аттанады
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін елордада Сәрсенбай Қотырашовтың кезекті жаяу аралауға шығатын саяхатына дайындық барысын талқылау мақсатында кездесу өтті. Танымал саяхатшының бұл бастамасын қолдау шарасы «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен  5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясымен бірлесе ұйымдастырылды.

Кездесу барысында «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары Валентина Алиясова мәдени және географиялық зерттеулердің маңыздылығын атап өтіп, Сәрсенбай Қотырашовтың Орталық Азия туралы білімді насихаттаудағы рөлін ерекше тілге тиек етті. Ол ұйым атынан саяхатшыға қолдау білдіріп, алдағы саяхатында сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы Басшысының кеңесшісі Мәди Манатбек те өз тілегін жеткізіп, Сәрсенбай Оспанұлының миссиясын сәтті орындап, елге аман-есен оралуын тіледі.

«Сәрсенбай Оспанұлын саяхатшы деп танысақ, бүгін ол кісінің көшпелі жұрттың өмір-салтын терең зерттеген тарихшы-ғалым екеніне көзіміз жетті. Көшпенділер отаны — қазақ елі екенін сапар жасаған жерінің барлығында айтып, тарихи тізбегін жалғастырып келе жатқанына тәнті болдық. Енді міне Ресей, Моңғолия, Қытай елдеріне жасайтын сапарында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынындарын барынша насихаттаймын деп отыр. Сәрсенбай ақсақалдың сапары сәтті болсын дейміз!», — деді ол.

Танымал саяхатшы және марафоншы Сәрсенбай Қотырашов шамамен 3000 шақырымды құрайтын үлкен жаяу сапарға аттанады. Ол 2 тамыз күні Өскемен қаласынан шығып, күніне орташа есеппен 40 шақырым жүруді жоспарлап отыр. Саяхатшы өзінің үш айға созылатын сапарын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайтынын жеткізді.

 

«Мен өзімнің жаяу саяхатымды алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнаймын. Біз көшпенділердің ұрпағымыз және олардың бай мәдениеті мен мұраларын әлемге танытқым келеді. Мен Алтай және Моңғолия арқылы Қытайға дейін жетуді жоспарлап отырмын», — деді Қотырашов сапарға аттанар алдында.

Сапары барысында Сәрсенбай Оспанұлы көшпенді халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, өз әсерлерімен және жаңалықтарымен әлеуметтік желілер мен медиа арқылы көпшілікпен бөлісуды жоспарлап отыр. Оның экспедициясы Орталық Азия көшпенді халықтарының бай тарихы мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.

Сәрсенбай Қотырашов — марафоншы, саяхатшы, шабыттандырушы тұлға. 2022 жылы ол 72 жасында еліміздің 17 облысын 6 айда 8000 км жолды жаяу жүріп өткені үшін Қазақстанда танымал бола бастады. 2023 жылы Атырау (Қазақстан) қаласынан Ыстамбұл (Түркия) қаласына дейін жаяу 3000 км қашықтықты бағындырды.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС