"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жолдау жаңғырығы: АЭС құрылысы тиімді ме?

05.09.2024
Жолдау жаңғырығы: АЭС құрылысы тиімді ме?
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде АЭС салу бойынша қызу талқы әлі де жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС құрылысы бойынша референдум күнін белгілеген еді. Ол – 6 қазан деп бекітілді.

«Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», — деді Президент.

АЭС салу мәселесі қазан айында болатын референдум арқылы шешіледі. Десек те елімізге АЭС құрылсы қаншалықты тиімді? Бұл жайында арнайы мамандардың пікірін білдік.


АЭС Электр энергиясының тұрақты көзімен қамтамасыз етеді!

Әсет Шәймерденов,  ҚР ИДМ Ядролық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері зертханасының меңгерушісі:

– Қазақстан ядролық салаға жаңадан келген мемлекет емес. Біздің ел ел уран өндіруден әлемде бірінші орында және осы элементтің барланған қоры бойынша екінші орында. Қазақстан Ақтау қаласында жылдам нейтронды атом электр станциясын да іске қосты. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты Қытайдың атом электр станциялары үшін жылу жинақтарын шығарады, ал еліміздегі төрт ғылыми-зерттеу реакторы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша белсенді зерттеулер жүргізуде. Бұл жетістіктер АЭС құрылысы жобасын жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге қабілетті мамандарды дайындаудың жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстанда атом энергетикасының табысты дамуына негіз жасайтын бірегей ресурстар мен білікті кадрлар бар. Болашақта бұл елді электр энергиясының тұрақты көзімен қамтамасыз етіп қана қоймай, ядролық технология саласындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сондықтан АЭС құрылысынан қорықпауымыз керек. Елімізге АЭС тиімділігі барынша түсіндіріліді деп ойлаймын.

АЭС салынса кадр тапшылығы болмайды!

Евгений Ермаков, Ядролық физика институты Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

– Қазірдің өзінде елімізде электр қуатына сұраныс артып, оның тапшылығы байқала бастады. Мәселен, бүгінде Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы 1 ГВт-тан асты. Осыған байланысты сала мамандары дабыл қағуда. Әрине, тұрғындарда радиофобия бар. Бұл ең алдымен тарихи қорқынышпен, дәлірек айтсақ Семей ядролық полигонының әсерімен байланысты. Бірақ айта кету керек, ол кезде атом әскери мақсатта сыналған. Атом электр станциясы салынса, ол әлемдегі ең қауіпсіз станциялардың бірі болады.

Қазір әлемде 400-ге тарта атомдық ядролық реактор бар. Оның жартысы қысымды су реакторы қондырғылары. Әзірге олардың ешқайсысында төтенше жағдай орын алған жоқ. Көпшілік АЭС салынса, кадр тапшылығына тап боламыз деп ойлайды. Шындығында бұл дұрыс емес. Ядролық физика институты радиациямен жұмыс істеу және ядролық технологияларды қолдануды біледі. Бізде қысымды суды зерттеу реакторы бар, ол мәні бойынша болашақта Қазақстанда салынуы жоспарланған атом электр станциясының прототипі болып табылады. Сондықтан институт базасында атом электр станциялары мамандарын тәжірибелік оқытудан өткізуге болады. Алдын ала болжам бойынша, 400-ге жуық жоғары білімді маман қажет болады. Бізде бұл бағытта теориялық білім беретін оқу орындары жеткілікті. Бірақ тәжірибе қажет. Біз төрт қазақстандық жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойдық. Осылайша, бізде мамандарды өз бетінше дайындауға барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер бар. Сондықтан еліміз АЭС бізге қаншалықты қажет, сол жағын ескеріп шешім қабылдауымыз керек. Алдағы референдумда осы мәселеге толығымен нүкте қойылады.

Abai.kz

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

3 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

3 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

3 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС