"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2024-2025 жылыту маусымына дайындық барысында өңірде 2 986 заңбұзушылық анықталған

09.10.2024
2024-2025 жылыту маусымына дайындық барысында өңірде 2 986 заңбұзушылық анықталған
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы бойынша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында 236 өрт тіркелген. Өрт саны өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 38% — ға аз. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель баяндады.

— Жыл сайын облысымызда жылыту маусымында тұрғын үй секторында бірнеше өрт саны орын алады. Оның себептері пештерді және электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамау. Биыл жылыту маусымы басталғалы 19 өрт оқиғасы орын алды. Сонымен қатар, көмірқышқыл газымен уланудың 4 оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 7 адам зардап шекті, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған балалар . Көбінесе уланудың себептері пеш жабдығының жұмысындағы ақаулар, мұржада тартымы болмауы, мұржалардың күйемен бітелуі болып табылады, — деді ТЖД бастығының орынбасары.

2024-2025 жылыту маусымына дайындық барысында облыстық төтенше жағдай департаменті тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірлеп, бекіткен. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 26 тамызынан 26 қыркүйекке дейін өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы жүргізілген.

— Осы жылдың шілде айында жеке тұрғын үйлерде тұратын ХӘОТ (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын мүгедектер және зейнет жасындағы адамдар) өртке қарсы мақсатты жұмысты қажет ететін тізімдерін жаңарттық . Облыста осы санаттағы 6302 отбасы бар . Өткен жылмен салыстырғанда отбасылар саны 40,2% — ға немесе 4248 отбасыға (2023 ж. – 10550) азайды. Бөлім қызметкерлері аталған санаттағы азаматтардың үйлеріне 100% тексеру жүргізіп, онда 2951 заң бұзушылық анықталды, — деп атап өтті Алексей Штыкель.

Департамент қызметкерлері қазірдің өзінде 12 656 тұрғын үйді аралап, 2 986 заңбұзушылық анықтаған. Оның ішінде 1 834 бұзушылық автономды жылыту жүйесіне, 752 бұзушылық электр қуатын пайдалануға қатысты. Сондай – ақ, 26 655 адамға нұсқау беріліп, ұсыныстар енгізілген.
— Тұрғындардың тұрғын үйлерін өртке қарсы жағдайға келтірмеуінің басты себебі — әлеуметтік деңгейдің төмендігі, пештерді жөндеуге және электр сымдарын ауыстыруға қаржы ресурстарының жоқтығы, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі мәселелеріне көзқарасы. Қазір департамент қызметкерлерімен көмірқышқыл газының датчиктерін орнату жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күні 8 528 көмірқышқыл газының датчигі орнатылды. Жаңартылған деректерге сүйенсек, әлеуметтік осал отбасыларға (6 302 үй) орнату үшін 2 946 датчик сатып алу қажет, — дейді спикер.

Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамауды кішкентай бүлдіршіннен бастап үйрету қажет. Осы мақсатта Абай облысы білім басқармасы 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-03/560 бұйрығымен ағымдағы жылдың 20-30 қыркүйек аралығында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ мәселе» тақырыбында онкүндік өткізген. Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Курманова онкүндік барысында Абай облысы аумағындағы 2 қала мен 10 ауданда ата-аналар жиналысы және педагогтермен кездесулер өткізілді деп атап өтті.

— Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әр аптаның дүйсенбі күндері 1 сабақ тәрбие сағаттары өткізіледі. «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін сақтауы, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздіктер туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру арқылы жүргізіледі. Және де Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті мектеп мұғалімдерімен 2 ақпараттық-оқыту семинарын өткізді, — деп түйіндеді білім басқармасы басшысының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС