"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Заңсыз активтерді қайтару: Арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге жиналды

15.10.2024
Заңсыз активтерді қайтару: Арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге жиналды
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шетелге заңсыз жылыстатылған активтерді елімізге қайтару бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл бағытта Арнаулы мемлекеттік қор ашылды. Бұл қорды құрудағы мақсат қандай және бүгінге дейін шотқа түскен қаражаттың мөлшері қанша? Осы және өзге де сұрақтарға Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенов жауап берген еді.

— Бақытбек Кәкімұлы, Арнаулы мемлекеттік қордың міндеті қандай? Қорға түсетін түсімдердің қалыптасу жолын айтып берсеңіз…

— Арнаулы мемлекеттік қор – еліміздің Бюджет кодексіне сәйкес Қаржы министрлігінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында қаражаттың түсімдері мен шығыстарын есептеуге ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері – «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңында және еліміздің басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған мүлікті өткізуден, сондай-ақ қолданыстағы заңға сәйкес басқарушы компанияның меншігіне немесе оның активтерді басқару жөніндегі қызметінің нәтижесінде мүлікті өткізуден түскен ақша.

— Бүгінде Арнаулы мемлекеттік қорда қанша қаражат жиналды?

— 2024 жылдың 13 қыркүйегіндегі мәліметке сүйенсек, қордағы түсімдер 176,3 млрд теңгеге жеткен. Айталық, 5,7 млрд теңге «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-інен (Басқарушы компания) түскен. Оның ішінде 5,559 млрд теңге активтерді сатудан жиналса, 159 млн теңге активтерді басқарудан түсіп отыр.

– Енді осы қаражаттың қандай бағытқа жұмсалатынын түсіндіріп берсеңіз?

— Бюджет кодексіне сәйкес Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражатты бөлу мәселесі Республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде шешіледі.

Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты әлеуметтік жобаларды, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын, мүгедектігі бар адамдарды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ауыл жастарын, жұмыссыздарды, моноқалалар, ауылды жерлердегі халықтың мұқтаждықтары үшін коммуналды және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарын дамытуға арналған жобалар мен Үкімет белгілеген өзге де жобаларды, сондай-ақ экономикалық жобалар мен маңызды салаларды нығайтып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін қажетті өндірістерді құруға (жаңғыртуға) байланысты жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Бұл ретте қордағы қаражат шектеулі болған жағдайда әлеуметтік жобаларға басымдық берілетінін айта кеткен дұрыс.

Арнаулы мемлекеттік қордың қаржыландыру тетігі Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында белгіленген (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі №165 бұйрығымен бекітілген). Осыған сәйкес мемлекеттік органдар әзірлеген жобалар Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасына жіберіліп, Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесі Қаржы министрлігінің Республикалық бюджет комиссиясында қаралып, тиісті қорытынды шығарылады.

— Қор арқылы қаржыландырылатын әлеуметтік және экономикалық инвестициялық жобалар қандай өлшемдерге сай іріктеледі?

— Көрсетілген қағидаларға сәйкес жобаларды қор есебінен қаржыландырудың критерийлері бар:

1) жобалар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетілген және Президенттің жүктеген тапсырмаларына сәйкес болуға тиіс;

2) жобалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдыққа ие бағыттарының біріне (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту) сай болуы қажет;

3) нысандарды салу немесе жаңғырту жөніндегі жобалардың техникалық жағынан күрделі емес әрі (немесе) үлгілік жобаларға сәйкестігі (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығымен бекітілген);

4) жобалар елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес болуы керек (ҚР ҰЭМ, ҚР БҒМ, ҚР ДСМ, ИИДМ, МСМ және ЦДИАӨМ бірлескен бұйрығымен 2019 жылы бекітілген);

5) басқа көздер есебінен қаржыландыру қайталанбау қажет;

6) қоғамдық бастамамен қолға алынған жоба және (немесе) оның бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялануы керек.

— Осы жобаларды таңдау басталды ма? Олар қазір қандай кезеңде тұр?

— Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, яғни Ұлттық экономика министрлігінің жұмыс тәртібімен ұсынылған ақпараты бойынша қор есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобалар орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан қарауға түскен жоқ.

— Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы ақпаратты қоғам өкілдері қалай біле алады?

— «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы ақпаратты Қаржы министрлігі жыл сайын жариялауы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС