"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір: ғалымдар Қазақстандағы ғылым дамуын талқылады 

18.10.2024
Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір: ғалымдар Қазақстандағы ғылым дамуын талқылады 
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір: ғалымдар Қазақстандағы ғылым дамуын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында ғылымды дамытуда түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Негізгі аспектілердің бірі – аймақтық ғылымды дамытуға баса назар аудара отырып, заманауи ғылыми зерттеу жүйесін құру қажеттілігі. Бұл ғылымды экономиканың нақты секторымен біріктіру және инновацияларды ынталандыру үшін маңызды.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Шығыс Қазақстан облысында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында Президиумның көшпелі отырысын өткізді. Қатысушылар тұрақты экономика мен қоғамды құруға неғұрлым бағытталған тәсілді қолдана отырып, жаһандық мәселелерді жергілікті контекст арқылы қалай шешуге болатынын талқылады.

Өңірлік инновациялық экожүйелер (ӨИЭ) тұжырымдамасының белсенді дамуы мемлекеттік және жеке секторларды ортақ міндеттер төңірегінде біріктіреді. Ғылым академиясы ғылыми әзірлемелерге басымдық беру үшін форсайт-зерттеулер жүргізуге баса назар аударады. Биыл 20-дан астам форсайт-сессия ұйымдастырылды, оған 400-ден астам ғылым және бизнес сарапшылары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев өңірлік ғылым өңірдің орнықты инновациялық дамуының негізі екенін атап өтіп, Қазақстанда ғылымның дамуына үлкен көңіл бөлінетініне назар аударды.

«Ғылым Академиясының негізгі міндеттерінің бірі – ғылымды дамытудың басымдықтарын айқындау мақсатында зерттеулер жүргізу. Осы жұмыс аясында біз Қазақстанның көптеген облыстарында ғалымдармен және индустриямен 20-дан астам өңірлік және салалық сессия өткіздік. Сондай-ақ, біз ғылым мен бизнестің 400-ден астам жетекші сарапшыларымен ашық талқылаулар мен сұхбаттар жүргіздік, көптеген жасырын мәселелер анықталды. Сонымен қатар, өңірлік Ғылым ең алдымен облыс экономикасын дамыту міндеттерін шешуге, өңірлерде жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталуы тиіс. Сондықтан Ғылым Академиясы болашақтың, өңірлік және салалық міндеттердің сын-тегеуріндерін шешуге бағытталған ПЦФ және мега-гранттар үшін нақты басымдықтар мен тақырыптарды айқындау міндетін қояды. Қазіргі уақытта біз 6 басым бағыт бойынша ғылыми зерттеулер жүргізудің 200 перспективалық тақырыбын анықтадық. Өңірлерде, Атамекен ҰКП-мен, салалық министрліктермен талқылау жүргізіп жатырмыз», — деді ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Отырысқа Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының әкім орынбасарлары, Павлодар облысы әкімдігінің басқарма басшысы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академиктері, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «КАЗЦИНК» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты», «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, «ҚР ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Өскемен титан-магний комбинаты»АҚ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «PlasmaScience» ЖШС, ЖОО және ғылыми мекемелердің, өңірлік бизнес субъектілері мен индустрияның бірінші басшылары, өңірдің жетекші ғалымдары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

«Бүгін біз, ертеңімізді еселеп, ғылымға бой түзеп, келешек даму бағыттарымызды айқындау үшін арнайы жиналып отырмыз. Заман ауысып, дүние дидары күнде құбылғанымен, кез-келген өркениетті қоғамның арқа сүйер, жол бастар қозғаушы күші – ол ғылым! Хәкім Абай тілімен айтсақ, ғылым таппай мақтанбау үшін де, пайдасын көре тұра, қолымызды мезгілінен кеш сермемеу үшін де ғылым керек! Абай облысы – кешегі Қаныш Сәтбаевтар түлеп ұшқан, ғылыми мектебі қалыптасқан, өткені мен бүгінін сабақтастырып, озық технологияларды ғылыми айналымға қосып үлгерген іргелі аймақ. Әлеуметтік, гуманитарлық саладағы жетістіктерін былай қойғанда, келешегі өте зор, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – бейбіт атомды пайдалану, атом қуатын – ел қуатына айналдыру бағытында да өңір ғалымдары көш ілгері тұрғанын білесіздер. Сондықтан, Семейдің жоғары мектептері мен Курчатовтың қолданбалы ғылыми әлеуеті – аймақ үшін де, мемлекетіміз үшін де мол пайдасын келтіреді деп сенеміз», – деді Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.

Бүгінде Шәкәрім университеті, Семей медициналық университеті және Alikhan Bokeikhan University ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады. Курчатов қаласының ядролық технологиялар саласындағы әлеуеті халықаралық деңгейде бұрыннан танылғанын атап өту маңызды. Ұлттық ядролық орталық пен ядролық технологиялар паркі ядролық медицина орталығымен ынтымақтастықты қоса алғанда, әлемдік жобаларды әзірлеуге арналған алаң болып табылады.

«Бұл сала өңір үшін де, тұтастай алғанда ел үшін де ерекше маңызға ие. «Медициналық туризмді» дамытудың барлық алғышарттары бар. Біздің бейінді медициналық университетіміз «Семей ядролық полигонында ядролық қаруды сынау салдарынан радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарының денсаулық жағдайын бағалау» жобасын әзірледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осындай маңызды жобаны іске асыруға қолдау көрсету жөнінде ұсыныс енгізгім келеді. Абай облысы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын өңірлік экономика мен ғылыми зерттеулерге енгізуді мақсат етіп отыр», — деп толықтырды облыс әкімінің орынбасары.

Айта кету керек, IT саласында кадрлар даярлау үшін жағдай жасалуда. Сондай-ақ, облыс орталығында биыл IT-лицей салынды, бейінді IT-колледжі қайта жаңартылды. Университет жанындағы IT HUB «ABAI IT-valley» жұмыс істейді. Жалпы, облыс жасанды интеллектті пайдалана отырып, білім беру ортасына жаңа технологияларды енгізуге ерекше назар аударады.

Отырыс аясында «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар» және «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдік әлемін, экологияны тиімді пайдалану» бағыттары бойынша болжамның аралық нәтижелерін талқылау форсайт сессиясында ғалымдар өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерін ұсынды.«Ғылым-бизнес» форматындағы сессияда коммерциализацияға дайын болашақты жобаларынұсынды. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыға салынды.

Отырыста ғалымдар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, бизнес және қоғам өкілдері арасындағы диалог орнап, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, идеялармен бөлісіп, Қазақстандағы аймақтық ғылымды дамыту үшін бірлескен шешімдер әзірледі.

Көшпелі отырыс аясында өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылып, отырыс нәтижесі бойынша өңірлік ғылымды дамытуды шешуге бағытталған қарар қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

12 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

21 час бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

21 час бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

21 час бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС